Қарнақ және Хантағы ауылында ұйымдастырылған “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары өз мәресіне жетті. «AMANAT» партиясы, Halyk bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинарының сертификатын табыстау салтанатты рәсіміне қалалық мәслихат төрағасы Елеусізов Қаблан Жамалбекұлы және Түркістан облыстық мәслихат депутаты Садуов Талғат Нұрәліұлы қатысты.Аталған ауыл тұрғындарын оқытуды Алматы қаласынан келген лектор Жандос Брасилов өз жауапкершілігіне алған ...
Читать далее »Түркістан облысы
Арыста сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды
Арыс қаласында жалпы халықтың қаржылай қолдауымен және сауапты іске жұмыла қалатын жомарт жандардың демеушілігімен сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды. Бір мезетте 2000 адам құлшылық жасай алатын ғибадатхананың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкерлер мен тұрғындар және қадірлі қонақтар қатысты. Салтанатты жиын ҚМДБ-ның төрағасы, ...
Читать далее »Марал ишанның Кенесарыға сыйлаған құран кітабы Түркістандағы Қ.А.Ясауи кесенесінен орын тапты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киелі Түркістанда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қоюды ұсынған еді. Осы орайда бүгін аталған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тапсыру іс-шарасы өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ...
Читать далее »Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді
Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танылған. Жалпы, соңғы бір жыл көлемінде елдегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқаны ...
Читать далее »Президент бастамалары оң нәтижесін беріп жатыр
Біз тәуелсіз, реформалары орныққан дамушы елміз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында атап көрсеткендей, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты бағытты ұстанатын, алға қарай даму жолындағы мемлекетпіз. Соңғы жылдары елімізде болған саяси өзгерістер, атап айтқанда, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы, және ауылдық округтегі әкімдер сайлауы және тағы басқа ...
Читать далее »Полицейлер ел аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысының полицейлері Қазақстан аумағында 30-дан астам қылмыс жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Киберқылмыспен күреске арналған бағдарлама” жоспарын іске асыру шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бұрын бірнеше рет сотты болған, Қазақстан аумағында бірқатар қылмыстар жасады деп күдікке ілінген 31 жастағы ер адамды ұстады. Аталмыш Жамбыл облысының тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, кез келген ...
Читать далее »Түркістан облысында 20 миллионыншы тұрғынға құрмет көрсетілді
2023 жылдың 14 қарашасында Қазақстанда халық саны 20 милллионға жетіп, тарихи оқиға тіркелді. 20 миллионыншы тұрғынның бірі Түркістан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келді. Сәбидің аты-жөні – Асқар Әлімхан Ерғалиұлы. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданы, «Асықата» ауруханасына арнайы барып, 20 миллионыншы сәбидің ата-анасын құттықтады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. – Бүгін біз еліміз үшін тарихи әрі қуанышты сәтте ...
Читать далее »Түркістан облысындағы жылыжайларға 150 мың тонна көмір отыны жеткізіледі
Түркістан облысы еліміздегі жылыжайлар көлемі бойынша алдыңғы қатардағы өңір. Осы орайда аймақтағы жылыжайлардың қысқы мерзімге дайындығы пысықталуда. Жуырда ғана көмір отынымен қамтамасыз ету үшін «Turkistan resource» ЖШС құрылып, көмірді өндірушіден тікелей тасымалдау келісім шарты жасалды. Келісімге сәйкес, 2024 жылдан бастап «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан жылыжай шаруашылықтарына тікелей 150 мың тонна көмір отыны жеткізілетін болады. Айта кетейік, облыста 1640 гектар жылыжай бар, ...
Читать далее »Түркістанның туризмі әлемдік аудиторияға таныстырылып жатыр
Бүгін Ташкент қаласында «Жібек жолындағы туризм» атты халықаралық туристік жәрмеңкесі басталды. «Uzexpocentre» павильонында өтіп жатқан жиынға 300 компания, 11 мың қонақ қатысуға ниет білдірген. Жәрмеңкеге Өзбекстан Республикасының шақыртуымен Түркістан өңірінің туризм саласының өкілдері қатысып жатыр. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен арнайы ақпараттық алаңша құрылды. Онда қонақтар мен қатысушы компанияларға, жалпы ...
Читать далее »Сайрам ауданында «TURKISTAN» брендімен күнбағыс майы өндіріледі
БАҚ өкілдері Сайрам ауданына жасаған пресс-тур барысында «TURKISTAN май» сауда маркасымен күнбағыс майын өндіретін кәсіпорынға барды. Жылына 1 200 тонна май өндіретін өндіріс орнында 30 адам жұмыспен қамтылған. Серіктестік өнімінің 70%-ын еліміздің қалаларына, қалған 30%-ын Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдеріне экспорттайды. Одан бөлек, тілшілер жылына 60 мың тонна құрама жем өндіруге қауқарлы «ЖК Абдукадиров» цехында болды. Қазір онда 20 адам тұрақты ...
Читать далее »Сайрамда 150 мың текше метр газоблок өнімдері өндіріледі
Бүгін Сайрам ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен Манкент ауылдық округінде орналасқан «Өзге» спорт кешеніне бас сұқты. Биыл ғана ашылған кешен бүгінгі таңда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мекеме басшысы Нусратилла Абдукадировтың айтуынша, аудандағы жастардың спортқа деген ықыласы ерекше. Болашақта ел абыройын асқақтатар спортшылардың шығарына сенім мол екенін жеткізді спорт жанашыры. БАҚ өкілдері кейін «ECO-BUILDING ...
Читать далее »Сарыағашта заманауи үлгідегі технология арқылы құлпынай өсірілуде
Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде жаңа технологиямен құлпынай өсіріліп жатыр. Заманауи үлгіде жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай салып, құлпынай өсіріп жатқан кәсіпкер Аширафи Шимбергеновтың 10 жылдық тәжірибесі бар. Ол Италия және Голландия мемлекеттерінде осы саладағы кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда, 15 тұрақты, 40 маусымдық түрде тұрғындарды жұмыспен қамтуда. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құлпынай 24 гектар аумақта егіледі. ...
Читать далее »Созақ ауданында 1030 орынға арналған стадион ашылып, ел игілігіне ұсынылды
Бүгін Созақ ауданының 95 жылдық мерекесі аясында Созақ ауылында заман талабына сай жабдықталған 1030 орындық спорт алаңы ашылып, ел игілігіне ұсынылды. Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков барша ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. «Биыл аудан көлемінде спорт саласы бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Бірқатар балалар ойын алаңы мен футбол алаңшалары ашылды. Бүгін, міне, 1030 орынға арналған үлкен футбол ...
Читать далее »Қырағы болыңыз, алаяқтардың қармағына түспеңіз!
Сандық дәуірде сымсыз желіден сыр жасыру мүмкін емес. Өмір сүріп отырған ортамыз цифрлық технологияға тәуелді болған тұста адамдардың қолы интернетке берік байланды. Бұл тәуелділік жыл өткен сайын артып келеді. Қарап отырсақ, кез келген сала интернеттің көмегінсіз алға жылжымайтын болды. Тұрмыстық өмірдегі таптырмас құралға айналған байланыс құралы алаяқтардың да пайда табатын көзіне айналғалы қашан. Содан бері халықтың өмірін жақсарту үшін атқарылған ...
Читать далее »Түркістандық бес тілде еркін сөйлейтін ұстаз
Түркістандық Гавхар Байметова — қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот ұстаз. Бүгінде Гавхар Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының білікті мұғалімі. Ол аталған мектепте 14 жылдан бері ағылшын тілінен сабақ беріп келеді. Оның айтуынша, оқушылардың жан-жақты дамуы, заманауи және сапалы білім алуы үшін ағылшын тілін үйренуі маңызды. Оқу бағдарламасына жыл сайын өзгерістер енгізіліп жатқанын назарда ұстайтын ұстаз дәрісті ...
Читать далее »Кентауда тамшылатып суару машиналарын шығаратын кәсіпорын жұмысын бастады
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапары барысында жаңбырлатып суару машиналарын жасау ісін қолға алған «BNK Group LTD» ЖШС-де болып, жұмыс барысын бақылады. Жоба құны – 1,2 млрд. теңге. 2023 жылы құрылған кәсіпорын жылына 400 дана техника шығаруға қауқарлы. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған. Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологиялар ендіру, өндіріс орындарын ашу бағытындағы осындай жобаларды ...
Читать далее »Түркістанның туризмін насихаттауға Түркия елі белсене атсалысады
Түркістан облысының туристік ерекшеліктерін насихаттау, туристерді тарту мақсатында құрылған арнайы делегация Түркия еліндегі іссапарын Ыстамбұл қаласында қорытындылады. Облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің бас директоры Серік Сандыбаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Әлеуметтік даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры Жақсылық Акимов, сондай-ақ қонақ үйлер мен мейрамхана өкілдері «Turksab» түрік туристік агентіктерінің ...
Читать далее »Түркістан облысының спортшысы джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
Түркістан облысында жыл сайын спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жастардың спортпен айналысуына да мол мүмкіндіктер қарастырылған. Аудан-ауылдан шыққан өрендер ел намысын әлемдік додаларда қорғап, жетістіктерге жетіп жатыр. Атап айтсақ, Келес спорт клубының жаттықтырушысы Досбол Ережеп Латвия мемлекетінің Даугавпилс қаласында спорттың «Combat Ju-jutsu» түрінен өткен байрақты бәсекеде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Келестік спортшы бірінші жекпе-жегін Өзбекстан елінің спортшысына қарсы ...
Читать далее »Түркістанда өткен Pеспубликалық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды
Бүгін Түркістанда Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі, профессор, Түркістан қаласының сазды-драма театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі Райымбек Сейтметовтың 85 жылдығына орай алғаш рет ұйымдастырылған «RAIYMBEK FEST» І Республикалық театр фестивалі бүгін өз мәресіне жетті. Фестивальге арнайы келген қонақтар қатарында және қазылар алқасының құрамында Райымбек Сейтметовтың өмірдегі, өнердегі досы, театр және кино актері, КСРО ...
Читать далее »«Кентау-Түркістан халықаралық әуежайы» автомобиль жолы пайдалануға берілді
Кентау қаласы мен Түркістан халықаралық әуежайы аралығында 26 шақырым жол пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС жүргізді. Аталған жол — Жамбыл облысы, Созақ ауданы, Кентау қалаларын облыс орталығы Түркістан қаласымен жалғайтын күре жол. Жобаға сәйкес жолдың 26 шақырым асфальт жабындысы толық төселген. Ұзындығы 100 метр көпір қайта ...
Читать далее »