Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ескі қалашықтың тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында тұрғындар аудан әкіміне өзекті деген мәселелерін жеткізді. Қаламыздың ең үлкен даңғылдарының бірі саналатын Д.Қонаев жолайрығының салынуына байланысты туындаған қиыншылықтар ортаға салынды. Аудан әкімі жауапты мердігерлермен кездесіп, аталған мәселелердің екі — үш күннің ішінде шешімін табатынын айтты. Жолайрық құрылысы қала үшін маңызды жобалардың бірі екенін айтқан ол уақытша туындаған қиындықтарға ...
Читать далее »Шымкент
Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы туралы ҚР Парламенті Сенаты депутаты @dana_nurzhigit :
Кеше «Astana Opera» сахнасында Шымкент опера театрының труппасы «Домалақ ана» операсын қойды. Көп естігеннен бір көрген артық деп бардық. Идея авторы Майра Мухамедқызымен үнемі байланыста болғандықтан бұл шығарманың қалай дүниеге келгенін жақсы білемін. Кеше қойылым аяқтала салысымен Майражан киелі сахнасын сүйіп,көрерменге иіліп сәлем салып тұрғанында қандай мән жатқанын,ассыз,ұйқысыз ізденген күндер тұрғанын түйсігіммен ұқтым. Шымкент опера театрына жан бітіру Майраның ...
Читать далее »«Тұрлан» шағынауданында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді
Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов «Тұрлан» шағынауданы М.Тореза көшесіндегі №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру жұмыстарының барысын аралап көрді. №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін бюджеттен 78,9 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Дорсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Балалар ойын алаңшасында орнатылған құрылғылар 100% Шымкентте өндірілген өнімдер. Құрылыс жұмыстары биыл қыркүйек айында ...
Читать далее »Қала әкімі «Ынтымақ» шағынауданындағы Абай ауданының актив мәжілісіне қатысты
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ынтымақ» шағынауданы №54 мектепте өткен Президент Жолдауын насихаттау бойынша Абай ауданының актив мәжілісіне қатысты. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау іс-шарасында зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты. Жиында ...
Читать далее »Бадам -195 орам тұрғындары қазан айында табиғи газбен қамтылады
Қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі — қала халқын мүмкіндігінше газбен қамту. Бүгінде бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан қалада жүйелі жұмыстар атқарылып, газбен қамтылмаған елді мекендер кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді. Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қол жетімді болады. ...
Читать далее »«Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі»
Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы «Халықаралық зерттеулер, ақпараттық талдау, сараптау» бөлімінің ұйымдастыруымен, «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Жалпы орта білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытудың жағдайы мен жаңа оқу жылына арналған міндеттер» атты педагогикалық пәнаралық секциялық отырысы онлайн форматта өтті. Іс-шараның мақсаты: ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және 2021-2022 ...
Читать далее »«Жастар практикасы» арқылы екі мыңнан астам жас тәжірибе жинады
Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі – Жанерке Қуандық. Ол былтыр Шымкент көпсалалы колледжінде медбике мамандығы бойынша білім алған. Жас маман оқу бітірген соң жұмыссыз мәртебесін алып, биыл мамыр айында халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы № 1 қалалық Клиникалық ауруханасына уақытша жұмысқа жолданды. – Жастар практикасы бағдарламасы арқылы уақытша болса да жұмыс таптым. ...
Читать далее »Тасқын Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы Елордалық көрерменнің назарына ұсынылды
Шымкент қалалық опера және балет театры аты аңызға айналған әулие ана – Домалақ анаға арналған операны Нұр-Сұлтан қаласының көрермендеріне тарту етті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры және басты рөлді сомдаушы Майра Мұхамедқызының жеке шығармашылық идеясынан туған, Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера – Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы көпшілік өнер сүйер қауымның ыстық ...
Читать далее »Шымкентте 435 мың адам вакцинацияланды
Шымкентте 2 қыркүйекте КВИ-дің екі жүз жиырма үш жағдайы тіркелді (белгілері бар – 165, белгілері жоқ – 58). 107 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, жүз он алты адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы екі мың тоғыз жүз сексен орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1366 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – ...
Читать далее »Ел экономикасын дамытуға тың серпін береді
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратау ауданы активінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі А.Әліқұлов төрағалық етті. Жиын барысында сөз алған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Т.Балтабаев Жолдаудағы баспана мәселесі мен әлеуметтік қолдауға қатысты пікірін білдірді. Ал, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Тоқмағанбетов еліміздің кемел келешегі үшін өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар ...
Читать далее »Ел дамуына жаңа бағдар берді
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының алдағы кезеңіне жаңа бағыт-бағдар береді. Президент осынау маңызды құжатта өте өзекті мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Әрдайым күн тәртібінен түспейтін әлеуметтік ахуалды атап өтті. Ендігі мәселе – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау. Жауапты органдар мен басшылар нақты іс-шаралар жоспарын түзіп, жүзеге асыруы тиіс деп санаймын. Ал қарапайым халық, ел азаматтары осы тапсырмалардың орындалу барысын ...
Читать далее »Бірлік және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі
Пандемия жағдайындағы мемлекеттің дамуының жаңа бағыттарын айқындайтын ұлттық жобалар құнды болып табылады. Сондықтан ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілеті, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың әл-ауқатының артуы, экономикалық өсім, ғылым, технология және білім, денсаулық сақтау ісі, мәдениет, экология және табиғатты тиімді пайдалану стратегиялық ұлттық басымдықтарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда, 2021 жылы 1 қыркүйектегі Президент Жолдауында «Біз ...
Читать далее »Зиялы қауымға сенім артты
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев күні кеше Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Әрбір Жолдауда қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалып отырады. Бұл жолы жас буын мен аға буынның арасындағы байланысты нығайтып, оларға тәлім-тәрбие беруде зиялы қауым өкілдеріне үлкен сенім артты. «Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ...
Читать далее »«Асар» шағынауданында ойын алаңшасы абаттандырылуда
Шымкентте аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде орамішілік ауалалар жөнделіп, балалар алаңдары қайта жасақталады. Қала әкімінің қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданында аулаларды абаттандыру жұмысы қарқын алған. Атап айтқанда, Асар шағынауданында №14, 16, 18, 20, 22, 24 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары атқарылып отыр. Құрылысты жүргізетін «Пример Строй» мердігер мекемесі. Бұл жұмыстар аудан әкімі ...
Читать далее »ІТ-мамандарын даярлау- заман талабы
Ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда өмір сүріп отырмыз. «Цифрлы Қазақстанға» айналу үшін де отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу өте маңызды. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауда «Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың білікті ІТ-маман даярлау қажет» деп ІТ-мамандарына сұраныс жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, «Электронды үкіметтің» мүлде жаңа құрылымын жасауды тапсырды. Бұл ...
Читать далее »Кезекті Жолдау кемел келешекке жол нұсқады
Президентттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауы әсіресе, әлемдік пандемия қаупі және соғыс өрті тұтанып тұрған елдердің іргесінде тұрған Қазақстан мемлекеті үшін халықтың бірлігі мен тұтастығы ауадай қажетіне баса назар аударды. Расында, біз осыған дейін үлгі тұтқан бірлігіміз бен берекемізді бұзып алмауымыз керек. Сол себепті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы басымдықты ішкі саяси тұрақтылыққа негіздей ...
Читать далее »Шымкентте биылғы шомылу маусымы қорытындыланды
Бүгін Ақпараттық-коммунициялық орталығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Н.Қаракөзевтің қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында Н.Қаракөзев қала аумағындағы шомылу маусымын қорытындылады. – Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңдегі шомылу маусымының қауіпсіз өтуіне ерекше көңіл бөлді. Бұл бағытта қала әкімінің қаулысына сәйкес практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешені атқарылды. Осы ретте су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ...
Читать далее »Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік өңірі бойынша филиалы ұжымымен кездесті. Күн тәртібіндегі негізі мәселе –сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтарды түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын ...
Читать далее »Жолдауда бесінші мәселе білім беру саласына арналды
1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен қатар еліміздің тарихында жаңа бір саяси жаңалық орын алып отырғаны баршамызға белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару ...
Читать далее »Шымкентте «Ұтқыр» әлеуметтік патрулі рейд жүргізді
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» ішінен ашылған «Ұтқыр» әлеуметтік патрулі қалада рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуде. Патруль қызметкерлері іс-шара барысында Төле би көшесінің бойында орналасқан Қырғы базар маңында, Құрманбеков көшесінің бойында орналасқан №1 қалалық аурухана алдында және Республика даңғылының бойындағы Көмеш-Бұлақ базарының аумағында үй-күйсіз (қаңғыбастыққа) салынып жүрген азаматтарды орталыққа ...
Читать далее »