Мемлекет кәсіптің көзін тауып, іс қылғысы келгендерге қолдауды кенже қалдырған емес. Соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдік тарапынан қайтарымсыз грант алып, субсидия алған жергілікті кәсіпкерлердің өнімі өзге өңірлерге де жіберіліп, ішкі өнімді қамтамасыз етуге қолғабыс етіп отыр. Бүгін министрлік пен әкімдік, Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге Шымкент шаһарындағы шаруалардың айтарына құлақ түріп, қаржылай қолдау алып отырған кәсіпкерлердің жұмысы ...
Читать далее »Шымкент
Шымкент: Аппарат мәжілісінде мерекелік іс-шаралар талқыланды
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды. Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық сипаттағы бағдарламаларды ...
Читать далее »Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға іріктеу аяқталды
Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуға ниетті оқу орталықтары мен жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Үміткерлер комиссия алдында білім беру мекемелері мен жұмыс орындарының әлеуетін, техникалық базасын, оқытатын мамандықтарын таныстырды. Қысқа мерзімді білім беруге 31 жұмыс берушіден 3 042 орынға өтініш түсті. Комиссия отырысына 16 орталық қатысып, 1 299 орын ұсынды. Сонымен қатар, 4 мекеме өтінішін кері ...
Читать далее »Шымкентте «Алғыс айту» күні мен ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мереке өтті
Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — көпұлтты оқушылардың бірлігі мен татулығын сақтап, патриоттық тәрбие беру. Мерекелік шараға Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Арофат» мектебінің директоры Пак Роза Викторовна, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі ұлттық ...
Читать далее »Шымкент: Қаланың өнеркәсіптік әлеуеті артып келеді
Бүгінде қаламызда жалпы көлемі 1276 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 427 жоба іске асырылып, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Оның ішінде 403 жоба жүзеге асырылып, 9 мың адам жұмыспен қамтылды. Индустриялық аймақтардың сыйымдылығы 90%-ға жетіп, қалада қосымша 1660 га аумақта 5 жаңа өндірістік аймақ құрылуда. Жоспар бойынша “Оңтүстік” АЭА 175 га, “Жұлдыз” ИА 155 га, ...
Читать далее »Әл-Фараби ауданы “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында сенбілік өткізді
Бүгін Шымкент қаласында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Бұл шара қаланы көгалдандыру, тазарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Сенбілік барысында Әл-Фараби ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, қоршаған ортаны жақсарту үшін бірлесіп еңбек етті. Аталмыш экологиялық шараға аудан әкімі Рашид Мыңбаев жетекшілік етті. Оған ауданның белсенді азаматтары, ардагерлері, жастар ұйымдары және қарапайым тұрғындар қосылды. Қатысушылар қала тазалығына ...
Читать далее »Шымкент каналының маңы қоқыстан тазартылды
Шымкент қаласының Тұран ауданында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық тазалықты сақтауға бағытталған бұл шараға 500-ден астам тұрғын белсенді түрде атсалысты. Сенбілік барысында Шымкент каналының маңы мен көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына аудан ардагерлері, белсенді тұрғындар, үй басқарушылары және коммуналдық мекеме қызметкерлері бірлесіп қатысты. Сонымен қатар, Тұран аудандық әкімдігі мен “ШымкентСпецКомплекс” ЖШС қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында ...
Читать далее »Шымкентте студенттер фельдшерлік дағдыларын көрсетті
Шымкентте медициналық колледждер арасында “Үздік фельдшер” байқауы өтті. Болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара тек жарыс емес, ол студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, шұғыл және жедел медициналық көмекті сапалы көрсетуге деген қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Байқауға қаладағы медициналық колледждің төртінші курс студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар фельдшер мамандығына тән әртүрлі шұғыл жағдайлардағы іс-қимылдарын көрсетіп, білімдері мен біліктіліктерін ...
Читать далее »Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі
2025 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер мен соғысқа қатысушыларға құрмет көрсету мақсатында бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылады. Ардагерлер мен соғысқа қатысушылардың ерлігі мен жанқиярлық еңбегін дәріптеу үшін арнайы мерейтойлық медаль әзірленеді. Сәуір-мамыр айларында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызы жолға шығады. «Медициналық пойыздар» кең ауқымды әлеуметтік жобасы аясында шалғайдағы елді ...
Читать далее »Тұлғаға тағзым – тарихқа құрмет
Азаматтық болмысын, тұлғалық рөлін өскелең ұрпаққа көрсетіп, еліне өлшеусіз қызмет еткен біртуар перзенттің бірі – Төлеген Тәжібаевтың атын халық ешқашан ұмытпақ емес. Соның ішінде адал ұлының атқарған сара жолы жерлестері үшін үлгі-өнеге, зор мақтаныш. Бүгін Шымкент қаласында ел үшін еңбек етіп, оның дамуы мен гүлденуіне орасан зор үлес қосқан азаматтың өмірі мен ғылыми- ұйымдастырушылық қызметін зерттеу, оны өскелең ұрпақтарға насихаттау ...
Читать далее »Шымкентте әлеуметтік қолдау: Зейнеткерлер, көпбалалы аналар және мұқтаж азаматтарға көмек
Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға көмек көрсету, мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету және аз қамтылған отбасыларға жәрдем беру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бастамалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкент қаласында 95 548 зейнеткер бар. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ...
Читать далее »Шымкент қаласында бруцеллездің алдын алу шаралары күшейтілуде
Шымкент қаласында бруцеллез (сарып) ауруының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты бақылауда. 2024 жылы 21 жағдай тіркеліп, өткен жылмен (2023 жылы – 17 жағдай) салыстырғанда 19%-ға жоғарылағаны анықталды. Балалар мен жасөспірімдер арасында да аурушаңдықтың белгілі бір деңгейде өсуі байқалады. Алайда, бұл дерттің алдын алу шаралары тиімді жүзеге асырылып, халық арасында ақпараттандыру жұмыстары күшейтілуде. Азаматтар жеке сақтық шараларын сақтап, мал өнімдерін дұрыс пайдаланса, бруцеллезден толық ...
Читать далее »Шымкентте 8 наурызға орай көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем беріледі
Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көп балалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны 53 936. Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі ...
Читать далее »2025-2027 жылдарға арналған жол картасы аясында жүзеге асатын инвестициялық жобалар
2025-2027 жылдар аралығында агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 423,6 млрд теңгеге 12 инвестициялық жобалар жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтсақ: 3 тауарлы сүт фермасы (инвестиция құны 4,8 млрд. теңге), 3 жеміс-көкөніс сақтау қоймасы (инвестиция құны 8,9 млрд. теңге), 2 құс фабрикасы (инвестиция құны 33,0 млрд. теңге), 3 жылыжай кешені (инвестиция құны 372,7 млрд. теңге), 1 құрама жем зауыты (инвестиция құны 4,2 ...
Читать далее »“Жастар” бағдарламасы: 900 азаматтың өтінімі мақұлданды
Шымкентте “Жастар” бағдарламасының іріктеу нәтижелері жарияланды. 2024 жылдың 27-29 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жастарды қамтитын бағдарлама бойынша 3841 азаматтың өтінімі қабылданды. Нәтижесінде, бағдарлама талаптарына сәйкес келген 2082 өтінім конкурсқа өткізілді. Қорытындысында балл көрсеткіші жоғары 900 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 540 пәтер (60%) некеде тұрған азаматтарға берілсе, 360 пәтер (40%) некеде жоқ тұрғындар мен толық емес отбасыларына қаралды. Құжаттары ...
Читать далее »Шымкентте ардагерлер мен зиялы қауым ұлттық тәрбие мәселесін талқылады
Бүгін Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы» атты қалалық форум өтті. Жиынға жиналған ардагерлер мен имамдар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықты дәріптеудің жолдарын бабалар жолынан бастап асыл дінімізден іздеу қажет екенін жеткізді. Іс-шараға 700-ден аса адам қатысып, Ардагерлер кеңесінің пленум мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, зиялы қауым өкілдері, қалалық дін ...
Читать далее »Реновация бағдарламасы: Көксайдағы 22 отбасы жаңа баспанаға ие болды
Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған еді. Реновация бағдарламасы аясында апатты және тозығы жеткен көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру сәтті жүзеге асуда. Бүгін аталған шағынауданның МПС көшесіндегі №9 үйде тұратын тұрғындарға жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, сегіз отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Тұрғындары жаңа қоныстарымен құттықтаған шаһар ...
Читать далее »Шымкентте шалғай елді мекендер сапалы интернетпен қамтылуда
Шымкент қаласында елді мекендер мен шағынаудандарды сапалы интернетпен қамту, мобильді байланыс желісінің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл жоспарға сай бірқатар елді мекен тұрғындары талшықты оптика желісімен қамтылады. Бүгінде Тұран ауданының Жаңаталап елді мекенінде 120-дан астам үй талшықты оптика желісіне қосылды. 2000-ға жуық үйге интернет желісіне қосылуға техникалық мүмкіндік жасалынды. Бұл жұмыстарға жауапты жеке инвестор – «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы. Ал, ...
Читать далее »Шымкентте көпқабатты үйлердің жедел сатылары жаңартылуда
Биыл қала аумағындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің жедел саты қондырғыларын ауыстыру жоспарлануда. Жоспар бойынша Әл-Фараби ауданында — 1, Тұран ауданында — 1, Қаратау ауданында — 10 тұрғын үйдің лифттері жаңартылады. Айта кетейік, 2024 жылы қаладағы 16 көпқабатты тұрғын үйде 28 қондырғы ауыстырылған болатын. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, жедел саты бойынша шешімдер пәтерлер, тұрғын емес ...
Читать далее »Шымкентте мектептер жаңа стандарттарға сай жаңартылуда
Шымкент қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары қарқын алуда. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жүргізетін мердігерлер анықталып, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары басталмақ. 2025-2027 жылдары қаладағы 24 мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл білім ордаларында 36 166 оқушы білім алады. Олардың заманауи стандарттарға сай, қолайлы ортада білім алуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жалғасады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
