Шымкент

Қала әкімінің орынбасары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ескертусіз аралады

Кешқұрым Шымкент қалалық №1-ші арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тексеру шарасы жүргізілді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков орталыққа ескертусіз барып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын бақылады. Ерғали Даулетбекұлы бірден жатын бөлмелер, асхана, монша және дәрі-дәрмек пен азық-түлік сақталған қоймаларды аралап көрді. Орталық мамандарының айтуынша, қазіргі таңда қорда 5 айлық дәрі-дәрмек қоры сақталған. Пандемияға байланысты барлық сақтық шаралары қадағалануда. Қызмет ...

Читать далее »

Үздік кәсіпорындар мен еңбек озаттары марапатталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен «Көрме орталығында» әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Сондай-ақ аталмыш іс-шара аясында «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Жиынды қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жүргізіп отырды. Кезекті комиссия отырысы мен марапаттау іс-шарасы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы және халықаралық Еңбек күні мерекесіне ...

Читать далее »

«Ten qogam»: 4300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсетілді

Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте жауапты басшы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бағытында әлеуметтік қорғау саясатының жүзеге асырылуы мен халықты жұмыспен қамту бағыттарының ағымдағы жылдың 9 айлық көрсеткіші туралы баяндады. «Ten qogam» әлеуметтік ...

Читать далее »

Шымкентте алдағы бес жылда 101 мектеп салынады

Бұл туралы шаһардың бас ұстазы Жанат Тәжиева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Брифингте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауы аясында басқарма тарапынан атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары сөз болды. Баспасөз жиынында Жанат Арысбекқызы сапалы білім беру мәселесіне тоқталды. Шаһардың бас ұстазы педагогтердің жалақысын өсіру бойынша тиісті ...

Читать далее »

Әл-Фараби ауданына 9 айда 74 инвестициялық жоба жүзеге асты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданында орналасқан жаңадан ашылған «Бизнес орталығына» барды. Онда инвестициялық жобалармен танысып, нақты тапсырмалар берді. Ауданда 21 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Бүгінде оның 17 340-ы жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлер тарапынан 2021-2025 жылдарға 354 жоба жоспарланған, тартылатын инвестиция көлемі шамамен 101 млрд теңгені құрады. Межеге сәйкес осы жылға жоспарланған 96 жоба жүзеге асып, ...

Читать далее »

Қала әкімі Әл-Фараби ауданының қысқа дайындығын тексерді

Шымкент әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданының қыс мезгіліне керекті күш-құралдардың дайындығын тексерді. Ауданында 404 көше бар. Оның ішінде 71 — басты көшелер, 333 көшесі ішкі орам көшелері. Биыл қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 22 бірлік техника, 8 бірлік тиегіш (погрузчик) техникасы, 7 трактор, 16 бірлік самосвал техникасы, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 бірлік автобус техникасы, 1 бірлік «автомастерская» техникасы, жалпы 58 техника ...

Читать далее »

Сәуле шағынауданы 2022 жылы табиғи газбен қамтылады

Әл-Фараби ауданында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр. Аудан әкімі Р.Мыңбаев 9 айлық есебінде шалғай елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу барысын баяндады. Аудандандғы инфрақұрылымды қажет ететін 195-ші орам электр жарығы мен ауыз су өткен жылы қамтылған болатын. Орамның жаңақұрылыс аймағындағы 300 тұрғын үйге табиғи газ тарту жұмысы 2020 жылы қолға алынған. Қазір нысанның құрылысы аяқталып, ...

Читать далее »

Үшжақты комиссия отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссия отырысы өтті. Жиында еңбек қатынастары саласындағы ағымдағы жағдай, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссияның атқарған жұмыстары қорытындыланды. Биыл үшжақты комиссияның 15 отырысы өтіп, әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланды. Еңбек қатынастарын реттеу бойынша жеке тұлғалардың 831 арыз-шағымдары мен өтініштері заңға сәйкес ...

Читать далее »

Медицина қызметкерлері президент жолдауына қолдау білдірді

Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру – мемлекеттің пандемия жағдайындағы ең маңызды міндеті. Сондықтан билік «Дені сау ұлт» атты ұлттық жоба қабылдап, алдағы жылдары медицина саласына мол қаржы құюды жоспарлап отыр. Бұл қаржы негізінен медициналық инфрақұрылымды дамытуға, білікті маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел ...

Читать далее »

53 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдан бастап, жалпы 87 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл 22 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныс берілді. 7 үйге қаржы бөлініп, үйлердің шатыры, сыртқы қасбеті мен инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстары атқарылуда. Алдағы уақытта 37 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындардан 1-2 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МАРШРУТТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкентте Қонаев — Рысқұлов даңғылының ашылуына байланысты маршруттардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, кезінде Дулати, Байтұрысынов арқылы жүргізілген бірқатар қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгерді. Атап айтатын болсақ №10, №17, №27, №35, №37, №45, №56, №57, №72, №158 бағыттар бойынша өзгерістер енгізілген болады. Жуырда пайдалануға берілген Қонаев-Рысқұлов даңғылындағы жолайрықтың ашылуы қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Қостанай қаласында өткен ұлттық жекпе — жектен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Шымкент қаласынан 9 спортшы қатысып, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Атап айтқанда, Қуаныш Тимур 63 келі, Әбдуілі Саят 70 келі салмақта жеңімпаз атанды. Сейдазым Әлібек 75 келі салмақта алтын медальға қол жеткізсе, Мейрханов Сейтхан 59 келі салмақта күміс жүлдегері атанды, Утемисов ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс сапарын Наурыз шағынауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің жұмысымен танысты. Әл-Фараби ауданындағы 64 525 абоненттің 86 пайызы кәріз жүйесімен қамтылса, 8309 (14%) абонент қамтылмаған. Наурыз шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту үшін құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған. Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері кәріз жүйесіне қосылды. Кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады. Одан бөлек, ...

Читать далее »

Абай ауданында 9 айда атқарылған жұмыстар

Абай ауданының әкімі Б.Парманов биыл 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша Шымкент қаласының әкіміне есеп берді. 323 мыңдай тұрғыны бар Абай ауданында атқарылған нәтижелі жұмыстар межеленген 7 индикатор бойынша 100 пайызды көрсетіп отыр. Атап айтқанда: инвестиция, санитарлық тазалық, ашық спорт алаңшаларын салу, арыз-шағымдарды төмендету, аулаларды абаттандыру, бірыңғай Айкөмек арқылы түсетін шағымдар мен өтініштердің орындалуы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне жол бермеуін қамтамасыз ету. ...

Читать далее »

Биыл Алтынтөбе тұрғын алабы табиғи газбен қамтылады

Абай ауданында 34 елдімекеннің 23-і (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 7 елдімекенді (Алтынтөбе, Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ) табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды. Алтынтөбе тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталады. Тәуелсіздікке-20 жыл, Айкөл, Құрсай, Ынтымақ-2, Нұршуақ шағын ауданына қатысты ЖСҚ әзірленуде. Көкбұлақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар тұрғын алаптарының ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР ЖАҢА РЕФОРМАДАН КӨП ҮМІТ КҮТЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының 143 тармағына сәйкес, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына мүлік иелерінің бірлестіктерін немесе жай серіктестікті енгізу жөнінде реформа қабылданды. Соның негізінде көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру бойынша жол картасы және медиа жоспар бекітіліп, тұрақты жұмыстар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСҚАН

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 9 айдың көрсеткіші бойынша 19 347 адам жұмыспен қамтылды. Нақтырақ айтқанда: • І бағыты бойынша — 2675 адам (3 айлық кәсіптік оқыту курстарына); • ІІ бағыты бойынша — 2 155 адам («Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік курсына); • ІІІ бағыты бойынша (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу) — 8 168 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 336 адам ...

Читать далее »

ДЕПУТАТТАР АЯҚ КИІМ ӨНДІРІСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентте Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы аясында «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобалар көп.Бүгін сондай жобалардың іске асырылуын Шымкент қалалық маслихатының депутаттары бақылап қайтты.Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы мәлімдеді. «Lux Shoes» ЖШС – аяқ ...

Читать далее »

ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов қала тұрғындарын инфрақұрылыммен қамту бойынша құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады. Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде Ынтымақ-2 елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту құрылысы толығымен аяқталып, тұрғын үйлерді суға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда барлығы 2500-ге жуық тұрғын болса, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІ АШЫЛДЫ

Рысқұлов және Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрықтың Қонаев даңғылы бойынша жүріс бөлігі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Рысқұлов көшесін ашудағы соңғы жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Жыл өткен сайын Шымкенттегі қалаішілік жолдарда көлік кептелісі көбейіп келеді. Әсіресе, орталық көшелерде иін тірескен автокөліктер тығынын жиі көруге болады. Атап айтқанда, Т. Рысқұлов және Д. Қонаев көшелері қаланың ...

Читать далее »