Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Шымкент қаласындағы 150 мектепте «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалық сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Экологияға қатысты білімдерін шығармашылық жобалар арқылы көрсетті. «ЖАС ЭКОЛОГТАР» тобы ...
Читать далее »Шымкент
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 25 сәуірде өтеді
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2025 жылдың 25 сәуірде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді». Акция Шымкент қаласы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің бас ғимаратының 1-қабатында (Тәуке хан №5) сағат 15.00-де басталады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында ...
Читать далее »Шымкент жастарына серпін берген сахналық серуен: Жаңа театр, үлкен үміт
Бүгін, 23 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі — Сәрсен Абайұлы Құранбек бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізіп, Шымкент қалалық жастар театрының алдағы шығармашылық жоспарлары мен жаңа бастамалары туралы кеңінен мәлімет берді. Брифингте айтылған маңызды жаңалықтардың бірі – қала әкімдігінің қолдауымен жастар театрына жаңа ғимараттың берілуі болды. Бұл тек физикалық кеңістік қана емес, жас сахнагерлердің кәсіби ...
Читать далее »Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдау бойынша нақты нәтижелер
2025 жылдың алғашқы тоқсанында Шымкент қаласында 49 513 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, 1 сәуірге дейін 9 737 адам қамтылды. 2024 жылдың IV тоқсанындағы еңбек нарығының көрсеткіштері бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды, жастар арасындағы жұмыссыздық 3,5%-ды құрады. 2019 жылдан бері әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттар беріледі. 2024 жылы 428 адамның бизнес-жобасы қолдау тауып, әрқайсысы 1 476 ...
Читать далее »Шымкент әкімінің Берденовке жасалған шабуылға пікір білдірмеу себебі айтылды
Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Руслан Берденовке жасалған қастандық күні не болғанын және не себепті қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әлі күнге дейін бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмей отырғанын түсіндірді. Әкім орынбасары Құранбектің айтуынша, әкім Ғабит Сыздықбеков және оның барлық орынбасары Руслан Берденовке Ернар Жиембай оқ атқан сәтте жұмыс орнында болған. Оқ атылғаннан кейін барлық шенеунік сыртқа шыққан. Оқиға орнына келген ...
Читать далее »Шымкентте «Мәртебелі кітап күні» апталығы қорытындыланды
Бүгін А. Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне арналған «Мәртебелі кітап күні» апталығының жабылуына орай мәдени-танымдық іс-шара өтті. Мерекелік жиынға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, ұстаздар, мәдениет саласының қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының «Ұлттық кітап күнін» жариялау туралы бастамасына қолдау білдіру, кітап оқуды кеңінен насихаттау, кітапхана мен оқырман арасындағы ...
Читать далее »Артық ғылым — кітапта
«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» – деп ұлы дана, хакім Абай бізге кітап оқудың маңызын айтып қана қоймай, оны өмірлік қағидаға айналдырудың қажеттігін ескерткен. Бұл сөздерде терең мән жатыр. Шынында да, кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, мәдениетінің, даналығы мен рухани ізденісінің жемісі. Ол – тарихтың шежіресі, өмірдің айнасы, қоғамның даму сатыларының куәгері. Кітап оқудан қалған адам – ...
Читать далее »«Таза қала — жайлы өмір»: Қаратау ауданында экологиялық тазалық акциясы өтті
2025 жылғы 23 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға аудан әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындардан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника тартылды. Акция барысында 5 ауланың шөбі орылып, 14 текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды. ...
Читать далее »Кітап — білімнің бұлағы, ізгіліктің нәрі
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. Әбіш Кекілбаев Сөз зергері Әбіш Кекілбаев мемлекеттік хатшы қызметінде жүргенде ресми сапармен Германияға барады. Неміс — әлемге аты кеткен халық. Ұсынықтылығы, бірді екі ете алатын іскерлігі, дүние жүзіне қызмет етіп жатқан «Сименс» сияқты нанотехнологияның Отаны. Олардың «Мерседес» машинасы әлемдік бренд. Қазақстанды көп естімеген. Ресейдің бір губерниясындай көреді. Сонда да болса тәуелсіз ...
Читать далее »«Қала тазалығы — қоғам мәдениеті»: Тұран ауданында санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды
Елімізде экологиялық мәдениетті нығайту және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгінде Шымкент қаласында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Тұран ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35-ке жуық сенбілік ұйымдастырылып, оған 5 мемлекеттік мекеме мен 70-ке жуық кәсіпкерлік нысан , сондай-ақ 15- мыңнан астам тұрғын қатысқан. Бұл шараларда 60-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 3000-ға жуық жасыл ...
Читать далее »«Жасыл Шымкент – таза қала»: Еңбекші ауданында тазалық пен көркейту жұмыстары қарқын алды
Елімізде экологиялық мәдениетті нығайту және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгінде Шымкент қаласында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35-тен астам сенбілік ұйымдастырылып, оған 50-ге жуық мекеме мен ұйымның қызметкері, сондай-ақ 15 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Бұл шараларда 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылып, 1500-ден астам жасыл желек, ағаш көшеті ...
Читать далее »Менің таза қалам: Әл-Фараби ауданында тазалық пен көркейту жұмыстары қарқын алды
Еліміздегі экологиялық мәдениетті нығайту және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгінде Шымкент қаласында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Биыл да жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 11 сенбілік ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бірлесіп, ауқымды тазалық шарасын жүзеге асырды. Сенбіліктер барысында аудан аумағындағы басты және ішкі көшелер бойынан инертті материалдар шығарылып, көпқабатты тұрғын үйлердің ...
Читать далее »Кітапхана – қазыналы бір әлем
Кітап – сарқылмас қазына. Адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы – кітапхана. Әр ұлттың болмысы мен құндылығына, қасиеті мен құдіретіне, өсиеті мен өнегесіне бойлатып, жан азығын сыйлайтын киелі орын. Білім бар жерде кітап көбейеді. Кітап бар жерде білім өркендейді. Кітап – білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, ой-сананы өсіретін қымбат қазына, кітапхана – сол рухани ...
Читать далее »«Кітап — сарқылмас рухани қазына»
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей қолдауымен биыл 23 сәуір – Ұлттық кітап күні елімізде тұңғыш рет мерекеленуде. ҚР Үкіметінің 29.06.2024 жылғы №522 Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке бекітілді. Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берілген тапсырмаға байланысты белгіленді. Мәдениет және ақпарат министрлігі республикамызда кеңінен аталып өту ...
Читать далее »Шымкент: Даңқ мемориалында тазалық шарасы өтті
Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент қаласындағы ескерткіштерді жаңарту және тазалау жұмыстары жалғасуда. Бұл бастаманың басты мақсаты — соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етіп, тарихи орындардың келбетін қайта жаңғырту. Осындай шаралардың бірі Абай саябағында орналасқан Даңқ мемориалында өтті. Аталған мемориал — Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан шымкенттік жауынгерлерге арналған. Мұнда майдан даласынан оралмаған мыңдаған боздақтың есімі ойылып жазылған мәрмәр тақталар орнатылған. Бұл ...
Читать далее »Саябақтағы салмақты іс сананы серпілтті
Шымкент қаласында «Жеңіс» саябағында Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерді жаңарту және тазалау жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Айта кету керек, бұл бастама – соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етіп, тарихи орындардың жаңғыруына бағытталған маңызды қоғамдық шара. Іс-шараны Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Осы орталықтың жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен жұмыс ...
Читать далее »Шымкентте Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өтті
Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өтті. Мәселен «Ерлікке тағзым» акциясы аясында қала аумағындағы Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштері мен мемориалдары тазаланып, жөнделіп, айналасы абаттандырылды. Оның ішінде Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалы, «Жеңіс» саябағындағы генерал Сабыр Рахымовтың ескерткіші, сондай-ақ, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың және өзге де ескерткіштердің айналасы тазаланып, абаттандырылды. – Бүгін біз қаламыздағы ...
Читать далее »Тыл ардагері Құлбай Алшынбаев ҰОС Жеңісінің 80 жылдығында құрметке бөленді
Шымкент қаласында тұратын тыл ардагері Құлбай Алшынбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында құрметке бөленіп, шипажайға жолдама алды. Ардагерді құттықтап, жолдаманы үйіне арнайы апарып берген – Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының “Мүгедектігі бар азаматтар мен ардагерлермен жұмыс жүргізу” бөлімінің бас маманы Ұлдана Бекбау. 1936 жылы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген Құлбай ата соғыстан кейінгі ауыр ...
Читать далее »Жауапты ата-ана – қауіпсіз бала
Бала қауіпсіздігі – әрқашан басты назарда. Олардың өмірі мен денсаулығын қорғау – ата-ананың тікелей міндеті. Осы мақсатта Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балалардың жоғары қабаттан құлауын алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Іс-шара Қаратау және Абай аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерде өткізілді. ТЖД мамандары үйлерді аралап, ата-аналарға терезе маңында баланы қараусыз қалдырудың қауіптілігі туралы айтып, ...
Читать далее »Стало известно о состоянии раненого замакима Шымкента Берденова
Врачи прооперировали заместителя акима Шымкента Руслана Берденова, угрозы его жизни нет, передает Tengrinews.kz. Официальную информацию об этом распространила пресс-служба городского управления здравоохранения. «Состояние пострадавшего первоначально оценивалось как критическое. Медики стабилизировали его и доставили в городскую больницу, где экстренно провели операцию. Хирургическое вмешательство продолжалось более четырех часов. Угроза жизни устранена», — говорится в пресс-релизе. Послеоперационный диагноз пострадавшего — проникающее огнестрельное дробовое ранение ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
