«Жасыл Шымкент – таза қала»: Еңбекші ауданында тазалық пен көркейту жұмыстары қарқын алды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Жасыл Шымкент – таза қала»: Еңбекші ауданында тазалық пен көркейту жұмыстары қарқын алды

Елімізде экологиялық мәдениетті нығайту және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгінде Шымкент қаласында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35-тен астам сенбілік ұйымдастырылып, оған 50-ге жуық мекеме мен ұйымның қызметкері, сондай-ақ 15 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Бұл шараларда 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылып, 1500-ден астам жасыл желек, ағаш көшеті егілді.

Еңбекші ауданында өткен сенбіліктер шынайы бірлік пен ынтымақтың белгісіне айналды. Табиғатты аялауға арналған бұл бастамаларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері белсенді түрде атсалысты. Қоғам болып атқарылған бұл іс-шаралар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, таза әрі жайлы өмір сүруге деген ұмтылысын айқын көрсетіп келеді.

Сенбілік – бұл жай ғана тазалық шарасы емес, қоғамдағы өзара түсіністік пен ортақ мақсатқа жұмылудың айғағы. Мұндай бастамалар қаланың экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да зор үлес қосып отыр.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...