Шымкент — Страница 158 — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова басқармаға қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден асқан, I — II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сегіз бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықта екі жүз жиырма бес мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.   -Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау ...

Читать далее »

Жыл соңына дейін 21,3 мыңға жуық тұрғын сапалы электрмен қамтылады

Шымкент каласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков қала әкімдігінің инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді. Басқарма басшысы қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қорытындылап, тұрғындардың сапалы ауыз су, кәріз жүйесі, табиғи газ, электр қуатымен қамту саласына қатысты сауалдарына жауап берді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында барлығы 81 елдімекеннің 65-і (95 %) сапалы электрмен қамтылған. ...

Читать далее »

Шымкенттің қысқы маусымға дайындығы пысықталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен жұмыс жиынында қаланың жылу беру маусымына дайындығы қаралды. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков берген мәліметке сәйкес, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үйлердің 98 пайызы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады. Әлеуметтік нысандардың дайындығы 99 пайызға жетті. Оларға қажетті 4,7 мың ...

Читать далее »

Шымкенттегі көкөніс сақтау қоймалары қала аумағында өндірілетін өнімнің 80 пайызын сақтауға қауқарлы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніндегі қордаланған проблеманың бірі азық-түлік бағасы мен оны бөліп-таратудың тиімсіздігі деп атап өтті. Сонымен бірге көтерме тарату орталықтарын құру бойынша берілген тапсырманың орындалу жайын айтқан болатын. Бұл міндет Шымкент қаласында қалай жүзеге асырылып келеді.   Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының айтуынша, Шымкент қаласын Орталық ...

Читать далее »

Шымкентте ауыз су мәселесі қалай шешіледі?

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып жүрген қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мәселені шешуді күн тәртібінен түсірген емес. Қала ауыз суды 5 су көзінен алады. Су қоры ...

Читать далее »

Шымкенттік ұстаз еліміздегі үздік мұғалімдер қатарында

Қаладағы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Юрий Грязнов «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының финалисті ретінде еліміздің үздік 10 мұғалімінің қатарына енді. Ақтық сында іріктелген ұстаздар 24 қыркүйек күні Алматы қаласында салтанатты түрде марапатталады. Еліміздің ұлттық байқауында топ жарған ұстаздар Нобель сыйлығының баламасы болған «Әлем ұстазы-2022» сыйлығына қатысатын номинант атанады. Онда жеңімпазға 1 млн. доллар қаржылай ...

Читать далее »

« Жер жұмағы –ен дала, ел сұлуы –қыз бала»

№80 ІТ мектеп-лицейінің кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, оның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстардың, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында айлык іс- шаралар топтамасы өтуде. Осыған байланысты Елбасының « Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында « Жер жұмағы –ен дала, ел сұлуы –қыз бала» атты семинар –кеңес болып өтті.   Бүгінгі іс –шараның мақсаты: Қоғамдағы қыз бала тәрбиесіне жете мән беру, ...

Читать далее »

Тұрғындарды онлайн санақтан өткізу жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласындағы әрбір азаматтың санаққа қатысуы, есепке алынуы маңызды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумақтарында санақты жүйелі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев аудандағы онлайн санақ өтетін орындардың бірі — Әл-Фараби аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында және Жангелдин көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындарына санақ туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халық санағы 1-15 қазан аралығында «онлайн» форматта, 1-30 қазан аралығында дәстүрлі түрде ...

Читать далее »

Жоғалған әскери билетті қалай тез қалпына келтіруге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері әскери билетті жоғалған жағдайда қалай тез қалпына келтіру керектігін хабарлады. Оны екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО жүгіну арқылы қалпына келтіруге болады. Әскери билетті eGov арқылы қалпына келтіру үшін порталда авторизациядан өтіп, «Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру» қызметін таңдау қажет. Бұдан ...

Читать далее »

Діни конфессия өкілдері арасында Спартакиада басталды

Шымкент қаласында діни конфессия өкілдері саламатты өмір салтын насихаттап, спорт бәсекесінде бас қосуды дәстүрге айналдырған. Шымкент қаласының Дін істері басқармасы және Сарын Қоғамдық Қайырымдылық Қорының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында Спартакиада басталды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Әбдірахманов сайыстың ...

Читать далее »

Шымкент: төтенше жағдай мамандары көпқабатты тұрғын үйлерде балаларға абай болуға шақырды

Шымкентте жыл басынан бері көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлауы бойынша 6 жағдай тіркелген. Бұл жағдай өткен жылмен салыстырғанда 3 есе өскен. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді. Жиында бұдан бөлек, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары да айтылды. Брифингте Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі ...

Читать далее »

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар спартакиадасы

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар Шымкентте бас қосты. Олар республикалық спартакиада аясында өзара мықтыны анықтап жатыр. Бас-аяғы 300-ден аса қатысушы 5 спорт түрінен сынға түседі. Жарыстың алғашқы күні дойбы және шахмат бәсекелері басталды. Дойбы 7 турдан тұрады. Оған 17 өңірден 80-нен аса спортшы қатысады. Ал шахматта 16 өңірден келген спортшылар бақ сынайды. Жарыста көру қабілеті нашар және тірек-қимыл аппараты зақымданғандар үшін бөлек ...

Читать далее »

Шымкент қалалық өзбек драма театры XIX маусымын ашты

— Мемлекеттік академиялық филармонияның Симфониялық оркестрі өзінің XXII концерттік маусымын ашты. Салтанатты кеш Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ театрының Үлкен залында өтті. — Биыл Ресейдің халық әртісі Любовь Кунакова жетпіс жылдық мерейтойын атап өтті. Құттықтау фильмі Мариин театрының ресми YouTube арнасында жарияланды. — Шымкент қалалық өзбек драма театры XIX маусымын ашты. Өнер ұжымы көрерменге жаңа бағытта сахналанған Шаходат Исахонованың «Тановор» арт ...

Читать далее »

Қаламыздағы көгалдандыру жұмыстары

Әл-Фараби ауданының көшелерін көріктендіру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Ауданға қарасты жетпіс екі басты көше бойларындағы жасыл-желектерді суғару, күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, оларды ретке келтіру, шөп ору жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан күнделікті жүргізілуде.   Ал көпқабатты үйлерде төрт жүз аула мен үш жүз отыз екі  ішкі орамдық көшелердің дарақтарын санитарлық қырқу ...

Читать далее »

Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жүзден аса жас жұмысқа орналасты

Шымкент қаласында жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүргізілуде. Бүгінге дейін жобаға қатысуға 109 жас ниет білдіріп, қазіргі таңда өз мамандығы бойынша түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданып, екі жылға тұрақты жұмысқа орналасты. Алғашқы жұмыс орны жобасы — «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты ...

Читать далее »

Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылап келеді. Қала аумағында өтетін жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынады. Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы, Отырар аудандарынан 200-ден астам тауар өндірушілер қатысуда.   Қала тұрғындары ет, сүт өнімдерімен ...

Читать далее »

Ұлттық халық санағының 2 кезеңіне насихаттау жұмыстары басталды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізіледі. Ағымдағы жылдың 1 — 30 маусымы аралығында санаққа дайындықтың 1-кезеңі өтті. Қазіргі таңда санақтың 2-кезеңіне дайындық жұмыстарын насихаттау бойынша Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 2-кезеңде сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше немесе үй-үйді аралау ...

Читать далее »

Шымкент қаласы «Күнделік» электронды жүйесін қолдануда үздік нәтиже көрсетті

«Күнделік» электронды ақпараттық жүйесі өткен аптадағы өңірлердің белсенділік көрсеткіштерін жариялады. Оған сәйкес, өткен екі апта қорытындысы бойынша «Күнделік» электронды журналымен жұмыс жүргізуде Шымкент қаласы үздік нәтиже көрсетті.   Шымкент қаласының білім саласы жаңа оқу жылында осындай оң нәтижеге қол жеткізді. Бұл көрсеткіш ұстаздардың білім берудегі белсенділігі мен біліктілігін айқындайды.   Сондай-ақ, белсенділігі жоғары үш аймақтың қатарында Ақмола, Қостанай және Түркістан ...

Читать далее »

Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында спартакиада басталды

Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы басталды. Жарыс паралимпиадалық емес бес спорт түрінен – дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, каратэ және арбада билеу сынды бағдарлама бойынша өтеді. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен үш жүзден астам спортшы қатысады.   Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сайыстың ашылу рәсіміне қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс 21-25 қыркүйек аралығына ...

Читать далее »

Шымкентте 6 жерде көмір сату орындары бар

Шымкент қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1908-сі, яғни 98% жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған елдімекен тұрғындары жылыту маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 62 мың тонна көмір бар. Алайда, қалаға көмір тасымалдаушы мекемелердің («Насыров» ЖК, «Қосжанов» ЖК, «Азамат мұнай» ЖШС, «COALBAG» ...

Читать далее »
Яндекс.Погода