Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Тұрманов Ермек Полатұлы «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық — инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз конференциясын берді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндірістер.

2024 жылғы қаңтар – мамыр айларында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 424,7 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 405,5 млрд тг.) өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8 %-ға төмендеді.

Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 349,2 млрд тг.) өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 94,5 % құрады.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуіне саланың басым бөлігін құрайтын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның өндіріс көлемінің азаюы есебінен орын алды. Өйткені зауыт ҚР Энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес 2024 жылдың 25 наурыздан 23 сәуірге дейін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс тоқтатылды.

2024 жылы 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асырылады

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 203,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 174,2 млрд теңгені құрады.

2024 жылы жалпы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 28,2 %-ға артуы күтілуде.

Қалада 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн теңгеге 220 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Онда жаңа 30 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.

Ал 2024 жылы жалпы құны 262 млрд теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған.

2024-2028 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 532 млрд теңгеге 9,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 114 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.

x

Check Also

Шымкентте көше атауларын өзгерту мәселесі шешімін тапты

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ...

Шымкентте «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асуда

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 ...