«Scat» әуе компаниясы Мәскеу-Шымкент және Шымкент-Мәскеу бағыты бойынша рейсін қайта ашты. Аталған бағыт бойынша тікелей келу қызметі пандемияға байланысты тоқтатылған болатын. Еліміздің үшінші мегаполисіне келуші туристер үшін енді тікелей, кедергісіз ұшуға мүмкіндік жасалып отыр. Туристер Мәскеуден Шымкентке аптаның әр сәрсенбісінде кешкі уақытта ұшады. Жалпы, ұшу кезінде жолаушылар қауіпсіздігі мен карантин талаптарының сақталуына баса назар аударылған. Айта кетейік, бүгінде Мәскеуге Шымкент ...
Читать далее »Шымкент
ҚР Кубогы бәсекесінде Шымкент қаласының спортшылары жеңімпаз атанды
Шымкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан ҚР Кубогының жекелей және топтық көпсайыс бойынша жеңімпаздары анықталды. Спорт шебері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында өткен бәсекеде Шымкент қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында жекелей көпсайыста Шымкент қаласының өкілі Милана Парфилова1-ші орынды иеленді. Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. ...
Читать далее »Шымкент: Жыл басынан бері 33 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп шықты
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Жолдасбекұлы баяндады. – Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 68 жағдайы тіркелді. Қазір стационарда 406 науқас ем қабылдауда. Жыл басынан бері 33 191 науқас коронавирустан емделіп шықты. Эпид ахуал тұрақталғанмен, босаңсуға болмайды. Әлі де ауыр жағдайдағы науқастар ауруханаға түсіп жатыр. Инфекцияны алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина. Сондықтан ...
Читать далее »ДІН ӨКІЛДЕРІ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН САЙЫСТЫ
Шымкентте діни конфессия өкілдері арасындағы спорттық сайыстар жалғасуда. Дін өкілдерінің спартакиадасының аясындағы үстел теннисі жарысы «Мұз сарайында» өтті. Спорт бәсекесіне 20-дан астам қатысушы жиналды. – Дін өкілдерінің арасындағы спорт сайыстары жылда ұйымдастырылып тұрады. Биылғы ерекшелік – жарыстар бір күнде емес, бір ай бойы спартиакиада түрінде өтуде. Бұл жолы үстел теннисінен жарыс өткізіліп, өзара мықтылар анықталады. Ал жеңімпаздар спартакиаданың салтанатты жабылу ...
Читать далее »Бадам өзенінің бойын абаттандырудың екінші кезеңі жүруде
Бүгін қала әкімі Бадам өзені аумағын абаттандыру жұмыстарын тексерді. Мұнай зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі аумақта қазір құрылыс жұмыстарының 2-ші кезеңі жүргізілуде. Алғашқы кезеңде 3 шақырым аумақ жөнделіп, пайдалануға берілді. 2014 жылы бастау алған екінші кезеңдегі жобаға сәйкес 6,7 шақырым жер абаттандырылуда. 2021 жылға дейін 4,5 шақырым өзен жағалауы бетондалып, 311 жарықшам орнатылған. 12 мың шаршы метрге асфальт жабындысы төселген, ...
Читать далее »«Сақ болыңыз — улы газ» акциясы жалғасуда
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарымен бірлесе аудан аумағында тұрмыстық газдан уланудың алдын алу акциясын қолға алған болатын. Бүгінде «Сақ болыңыз — улы газ» акциясы барысында көпқабатты және жеке үйлерге, жатақханаларға уланудың ең көп тараған себептері, оның белгілері және газбен улану кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жазылған ақпараттық-түсіндірме брошюралары таратылуда. Аталған жұмыстар Әл-Фараби ауданы аумағында көктем ...
Читать далее »Шымкенттің бас дәрігері екпе алуға шақырады
Қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емханаларда ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның жеті күнінде сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуде. Бүгінде қала тұрғындарының 90 пайыздан астамы індетке қарсы екпенің бірінші компонентін алған. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Пазилов өзінің бейне хабарландыруында айтуда. Бейне үндеуінде қаланың бас дәрігері ауруды жеңу үшін жаппай иммундаудың маңызы зор екенін және вакцинациялау қалыпты жағдайға оралуға ...
Читать далее »Шымкенттегі әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады
Ауа райының суытуына байланысты Шымкент қаласында жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталды. Қала әкімі М.Әйтенов қаламызда 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы өкімге қол қойды. Өкімге сәйкес, 6 қазаннан бастап қаладағы 468 бюджеттік нысанның жеке қазандықтары мен автономды жылу жүйелері бар 374 нысанға жылу беріле бастады. Жеке қазандықтары бар немесе автономды жылу жүйелерімен қамтылған 792 көпқабатты тұрғын үйлердің де жылу ...
Читать далее »Ауданда техникалардың қысқа дайындығы тексерілді
Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов арнайы техникалардың қысқа дайындығын пысықтау үшін «Zhasyl zher» мекемесінің мамандарымен кездесті. Мердігер мекеменің 150-ге жуық қызметкер мен 50 техникасы ауданның негізгі көшелері мен көпқабатты үйлердің ауласына тазалық жұмысын жүргізеді. Аудан әкімнің орынбасары мекемедегі қар күрейтін және жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын арнайы техникалардың жұмыстағы бағытымен танысты. Құм мен тұз қоспасының сапасы — 1кг тұзға 3 кг ...
Читать далее »Шымкентте физика-математика бағытындағы лицей ашылды
Шымкент қаласында физика-математика бағытын тереңдетіп білім беретін «Intellect» лицейі ашылды. Асар шағынауданында заманауи үлгіде бой көтерген мектеп 5,6,7,8,9 сыныптарға арналған. Жалпы пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп, шахмат, домбыра және тігін үйірмелері де жұмыс істейді. Білім мекемесі 600 орынға арналған. Қазір мұнда жан басына қаржыландыру әдісімен 277 оқушы ақысыз білім алып отыр. Лицейдің салтанатты ашылуына қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс ...
Читать далее »Шымкентте 55 мың адам компьютерлік томографиядан өткен
Шымкент қаласында жыл басынан бері 55 мыңға жуық адам КТ зерттеуінен өткен. Олардың басым бөлігі пневмонияға шалдыққан және коронавирус диагнозы расталған науқастар. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Компьютерлік томография аппараты қаладағы 21 медициналық ұйымда бар. Ал, қалалық инфекциялық аурухана мен №2 және №3 ауруханаларда КТ аппараты тәулік бойы жұмыс істейді. Компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдеуде зор ...
Читать далее »Қала әкімінің орынбасары Польшадағы қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан-Польша бизнес-форумы аясында шымкенттік делегаттарды бастап барған қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиевамен бірге Познань қаласындағы қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын – 1927 жылдан бері Орталық Еуропадағы қоқыс өңдейтін зауыттардың бірегейі. Зауыттың ерекшелігі, қоқысты жағу арқылы алынған күл тыңайтқыш, аяқжол плиткалары мен кәріз құбырларын өндіру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, А.Сәттібаев ...
Читать далее »Шымкентте қоғамдық көліктер кондукторсыз қызмет көрсете бастады
Шымкенттегі «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 автобус пилоттық жоба ретінде кондукторсыз қызмет көрсетуде. Демек автобусқа мінген әрбір азамат өзі электронды түрде жолақысын төлейді. Оның бірнеше жолы бар: «Төлем» картасы, sms код және qr код арқылы жолақысын төлей алады. Жоба бойынша маршрут схемасында 7 аялдама бойында 10 ревизорлы бақылаушы мамандар автобустағы жолаушылардың жол ақысын төлеген немесе төлемегенін, егер қолма-қол төлем жасаған ...
Читать далее »Ұлттық халық санағында тұрғындар белсенділігі қажет
Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен жиында Ұлттық халық санағының барысы жөнінде талқыланды. Осы жылдың 1-30 қазан аралығында дәстүрлі халық санағы өтеді. Бүгінге дейін Шымкентте 241 750 адам, яғни халықтың 22,0% интернет желісі арқылы санаққа қатысқан. Сонымен бірге, Ұлттық халық санағын өткізуге мыңнан астам интервьер үй-үйді аралауға кіріскен. Әкім орынбасары санақтың аяқталуына 25 күн қалғанын, қалада санаққа қатысуға ...
Читать далее »13 көшенің құрылысы жалғасуда
Шымкент қаласы аумағының солтүстік бөлігіндегі Тұран шағын ауданында барлығы 13 көшенің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков көше құрылысын жүргізуге жұмылдырылған мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жиналыс өткізді. Кездесуде көшелердің сапасы және тексеру барысында анықталған кемшіліктерді реттеу мәселелері талқыланды. Биылғы жылы №2, 6, 8, 10 — барлығы 4 көше пайдалануға берілмек. «Отау-строй» ЖШС ...
Читать далее »Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
2021 жылдың басынан бастап 214 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6 мыңнан астам ымдау тілі қызметтерін, 32,5 мыңнан астам жеке көмекшінің қызметтерін, 48 мыңға жуық санаторлық-курорттық ем алды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға ...
Читать далее »Тазалық қызметі 5 жаңа техникамен толықты
Күз мезілі келісімен жапырақтар түсіп, тазалық қызметкерлерінің жұмысы арта түсетіні мәлім. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын 6 мердігер мекеме атқаруда. Соның бірі – көпқабатты үйлерде тұрмыстық қалдықтарды жинаумен айналысатын «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС. Мекемеде жалпы 18 техника болса, оның қатарына қоқыс артуға және шығаруға арналған 5 жаңа техника қосылды. Техникаларының жаңаруы ауданның санитарлық-тазалық дәрежесін арттырады.
Читать далее »Мемлекеттік қолдау жаңа кәсіпке жол ашты
Шымкент қаласының тұрғыны Шынар Сарыбаева –«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Ол көп балалы ана ретінде АӘК алушылар қатарына кіреді. Мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында биылғы жылдың наурыз айында 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа «тігін ісі» бойынша өтініш берген. Нәтижесінде комиссия жобасын мақұлдап, бүгінде көлікке арналған орындық қаптарын тігіп сатуда. — Қолымыздан келген мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттен де қолдау тапқаныма қуаныштымын. ...
Читать далее »«Шаңырақ» орталығында түрлі деңгейдегі 266 курс өтті
«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығында түрлі деңгейдегі 266 курс өтті. Онда көпбалалы 80 ана массаж, тігін, кондитерлік, SMM жүргізу ісі бойынша сертификат алды. Одан бөлек, 100-ден астам әйел құрақ көрпе, дизайнер, қыш-құмыра өнері бойынша өткен мастер классқа және компьютерлік сауаттылықты арттыру сабағына қатысты. Бұл курстар — бизнес жоспар құруға, жеке бизнесін ашуға грант немесе микрокредит алуға мүмкіндіктерді көрсету арқылы әлеуметтік ...
Читать далее »Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 8 тұрғын жазылған. Олар негізінен баспана, әлеуметтік көмек, инфрақұрылыммен қамту және жер мәселелері бойынша шағымдарын жеткізді. Абай ауданы Самал-3 шағынауданы Алпамыс батыр көшесінің тұрғыны Набат Аталықова көшені жарықтандыру, аяқ жол мәселесін көтерді. Қала әкімі жарықтандыру жүйелерін желтоқсан айында іске қосу жоспарланғанын мәлімдеді. Жұмыстар қазан-қараша айында ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
