Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Е.Қыдыров 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қалаға келуші туристер саны 158 224 адамға жетіп, 2 есеге артқан. Бұл көрсеткіш былтыр бірінші жартыжылдықта 69945-ті құраған болатын. Сәйкесінше, 6 айда қала экономикасына түскен табыс көлемі 9,5 млрд теңгеге жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 2 есеге арттыру көзделіп, келген туристер ...
Читать далее »Шымкент
«Шаңырақ» бағдарламасымен 200-ден астам отбасы баспаналы болды
Шымкент қаласындағы «Тұран» шағынауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үй пәтерлері кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Бүгін алғашқы 224 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Жаңа қоныс иелері «Шаңырақ» бағытымен баспаналы болып отыр. Кілт тапсыру рәсіміне қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қатысып, баспаналы болған азаматтарды қоныс тойымен құттықтады. –Шымкентте бүгінде 46 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тіркеулі. Азаматтарды барынша баспанамен ...
Читать далее »Тіл тазалығы – басты назарда
Шымкент қаласы «Нұрсәт» тұрғын алабында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен қоғамдық тамақтану орындарында әдістемелік сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара «ҚР Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуы бойынша Қаратау ауданы әкімі аппараты жанынан құрылған мониторингтік топтың жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Жұмыс барысында «ҚР Тіл туралы» заңының 21- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтін көрнекі ақпарат мәтіндері анықталды. Мамандар «Нұрсәт» тұрғын алабындағы 30-дан астам ...
Читать далее »ЖАҢА ЖҮЙЕГЕ КӨШУ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 374 көпқабатты тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құруға байланысты тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, бұл бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ...
Читать далее »ТҰРҒЫНДАР САНАҚҚА ӘЛІ ДЕ ОНЛАЙН ТІРКЕЛЕ АЛАДЫ
Бүгінде миллионнан аса тұрғыны бар мегаполисте санақ жүргізу үшін 176 санақ учаскесі құрылып, онда 176 нұсқаушы-бақылаушы мен 1207 интервьюер 1 қазаннан бастап дәстүрлі тіркеуге кірісіп кеткен-ді. Ал, 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін респонденттер онлайн тіркелген болатын. ҚР Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қазанда санақтың онлайн тіркеу кезеңі аяқталған соң, еліміздің барлық өңірлерінен, әсіресе қалалардан онлайн санақ функциясының мерзімін ...
Читать далее »«Еңбек» бағдарламасы бойынша 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде әлеуметтік қорғау саясатының жүзеге асырылуы мен халықты жұмыспен қамту бағыттарының нәтижелерін баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 21 954 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 9 айдың көрсеткіші бойынша 19 462 адам жұмыспен қамтылған. Нақтырақ айтқанда, бағдарламаның І бағыты ...
Читать далее »9 айда 260,7 млрд теңге инвестиция тартылды
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. Қалалық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебековтың айтуынша, 2021-2025 жылдары жалпы құны 2,6 трлн теңге 282 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 152,6 млрд теңге, 2,5 ...
Читать далее »Өнеркәсіп өнімінің көлемі 555,8 млрд теңгеге жетті
Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі биылғы 9 айда 55,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау есебінде мәлімдеді. Басқарма басшысы өңдеу өнеркәсібінің дамуы, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау шараларының барысына тоқталып өтті. Шымкент – еліміздегі ірі ...
Читать далее »Шымкентте тіліксіз ота жасалды
Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта бірегей ота жасалды. Дәрігерлер тұңғыш рет қалқанша безінің қатерлі ісігін тіліксіз алды. Ота жасалған 49 жастағы науқаста бірнеше жыл бұрын қалқанша безінің үстінде ісік пайда болған. Жыл өткен сайын бұл ісік үлкейіп, жұтыну мен тыныс алуды қиындатқан. Онкохирургтар операция барысында қалқанша безіндегі ісікті эндовидеохирургиялық әдіспен алды. Дәрігерлердің сөзінше, науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Бір-екі күнде ауруханадан шығаруды ...
Читать далее »Республика даңғылында жарықшамдар ауысты
Шымкент қаласының басты көшелерінің бірі болған Республика даңғылының кешкі шамдары жарықдиодты ЛЭД шамдарға ауыстырылды. Бұған дейінгі жарықшамның қуаттылығы 15 люкс еді. Қазіргі орнатылған жаңа шамдардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді. Даңғыл бойындағы бағаналарға 296 кешкі шам орнатылса, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа жарықшам қойылды. Қалада жыл соңына дейін 30 көшенің жарықшамы реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңасын орнату жоспарланған. ...
Читать далее »Құдірет Досымов – самбодан жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері
Шымкент қаласының спортшысы Құдірет Досымов самбодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жастар арасында әлем чемпионаты 15-17 қазан аралығында Грекияның Салоники қаласында өткен болатын. ҚР жастар құрамасы командалық есепте 3 орынға жайғасты. Отандық балуандар 2 алтын, 3 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды. Команда сапында 88 келіде бақ сынаған Құдірет Досымов күміс жүлдеге қол жеткізді. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Читать далее »215 шақырым жол таңбалары сызылды
Шымкент қаласында асфальт жолдың жалпы ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері шаһарда көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. Нақтырақ айтқанда, 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, қыркүйек, қазан айларында жөндеу жұмыстары аяқталған Б.Момышұлы көшесі, Республика, Қонаев даңғылы, жаңа әуежай терминалына кіре беріс жолдардың және ...
Читать далее »22 елдімекенді сапалы интернетпен қамту үшін жол картасы әзірленді
Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов қала әкімдігінің «Инстаграм» парақшасында өткен тікелей эфирде қала аумағын мобильді байланыс және талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын айтып өтті. Қала аумағын және қаладан шалғай орналасқан елдімекендер мен тұрғын алаптарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 3 кезеңге бөлінген болатын. Биыл интернетпен қамтамасыз етудің 2-кезеңіне сәйкес, 14 жер анықталып, 8 аумаққа жеке инвестор есебінен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІНДЕ» КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Өнер кеші Қазақстан бойынша алғаш рет үшінші мегаполисте өтіп отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараны «Fatyma» қайырымдылық қоры Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған. Бұл кештің ерекшелігі сол — балалар үйлерінің тәрбиеленушілері белгілі сахна жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті. Концертті тамашалауға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың депутаттары мен басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары жиналды. – Бүгінгі кешті ерекше кеш ...
Читать далее »ТҰРАНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІЛЕДІ
Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданының 192-орамында орналасқан бес қабатты 12 тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы аяқталған. 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында бұл үйлерге тұрғындар қоныстанып, тұрақты ауызсу, кәріз, электр қуаты, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген болатын. Алайда, қала бойынша газ көлемінің тапшылығына байланысты тұрақты газ жүйесімен қамтамасыз етілген жоқ. Өйткені, тұрғын үйлердегі жобаға сәйкес автономдық жылу жүйесі жүргізілуіне байланысты жылу қосылмаған. Осы себепті, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МЕЙІРІМ ШУАҒЫ ШАШЫЛДЫ
Шымкентте алғаш рет еліміздегі балалар үйінің тәрбиеленушілерінің «МЕЙІРІМ МЕКЕНІНДЕ» атты өнер кеші өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға еліміздегі балалар үйінің 84 тәрбиеленушісі өнер көрсетті. Әуенді кешке Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және қала мәслихатының депутаттары қатысты. – Бүгінгі игі шара тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Елімізде балалар үйлері болмасын. Бұл бағытта ел ...
Читать далее »ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ — БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң талаптарының сақталуы бойынша құрылған мониторингтік топ жоспарға сәйкес нысандарды аралады. Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізді. Олар аудан аумағындағы «Нұрсәт» тұрғын алабында ...
Читать далее »ҚҰТЫРУ АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!
Құтыру ауруы — жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру. Бұл ауру адамдарға құтырған жан-жануарлар тістеген кезде, терісінің зақымданған жеріне сілекей жұққанда пайда болуы мүмкін. Егерде, иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз оны өлтіруге асықпай ветеринар маманына көрсетуіңіз қажет. Ветеринар маманы жануарды 10 күндік бақылауда ұстай отыра, 3 рет егу тағайындалады. Ал, егер жарақаттаған қандай жануар екені белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда ...
Читать далее »Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Төлем компаниясынан жеңілдік ретінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларына Төлемнің оқушы картасын жасату тегін. Толық мәліметті өз мектебіңіздің социолыгынан ала аласыз. Жол жүру ақысы: 35 тенге (7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша) 50 тенге (15-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша)
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 3 МЫҢДАЙ ОТБАСЫНА ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Шымкент қаласында жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылған. — Жыл сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегінде тұрған 682 отбасы арендалық пәтермен қамтылған болса, жыл соңына дейін осы бағытта 294 отбасыға баспана беріледі, — деді тұрғын үй басқармасының басшысы А.Рысжанов өзінің әкімге берген 9 ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
