Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауылшаруашылығы бағытында жұмысы қарқын алған кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Шаһар басшысы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Тассай құс» ЖШС-не барды. Биыл шаруашылықты кеңейтіп, өнімділікті арттырған өндіріс орны 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жоба құны – 250 млн теңге. Кәсіпкерлер жылына 35 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып келген. Келесі жылдың қаңтарынан бастап ...
Читать далее »Шымкент
Халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 25,4 %-ға жетті
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев 2021 жылдың 9 айында жүзеге асқан жұмыстардан хабардар етті. Басқарма басшысы қалада дене шынықтыру және спортты дамытудағы негізгі үш бағыт – бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылымды дамыту, жоғары спорт шеберлігі бойынша жұмыстардың барысына тоқталып өтті. 2021 жылдың 6 айында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адамды немесе ...
Читать далее »Ғалымдар Шымкенттің Жібек жолы тарихи-мәдени кеңістігіндегі маңызы жайлы айтты
«Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» халықаралық кездесуінің аясында «Шымкент Жібек жолының тарихи-мәдени кеңістігінде» тақырыбында пленарлық отырыс өтті. Оны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті мәдени-тарихи мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева жүргізіп отырды. Отырыс барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Серік Жүнісбаев «Шымкент ХІХ-ХХ ғасырларда: тарихи очерктер» тақырыбында ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 542 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТҚА КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫНҒАН
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырған болатын. Жолдауға сәйкес, қалалық №2 аурухана базасындағы инсульт орталығы халыққа тәулік бойы медициналық қызмет етуге көшті. Сондай-ақ, ковид орталығы ашылып, үш ай бойы мамандар қауіпті індетке шалдыққан науқастарға емдеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қалада 45 екпе ...
Читать далее »ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ ТАС ЖОЛДАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ
Биыл Шымкентте 277 көше, яғни 147,6 шақырым топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстары толығымен орындалды. Қала аумағындағы ішкі орам және шалғайдағы елді мекендердегі көшелерге жүргізілген зерделеу нәтижесіне сәйкес іске асты. Бұл жөнінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді. Зерттеу жұмыстары барысында тағы 90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу қажеттілігі туындады. Аудан әкімшіліктері ұсынысымен белгіленген көшелер бойынша қазіргі уақытта Қаратау, Еңбекші ...
Читать далее »ЕЛ МАҚТАНЫШТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Шымшаһарда қалалық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы Құрметті азаматтар» көрмесі өтті. Бұл жолы қаланың құрметті азаматтары аллеясына түрлі спорттық додаларда еліміздің даңқын шығарған азаматтар жиналды. Көрмеде егемендік алған жылдарда 139 азаматтың мемлекеттік архивтерде сақтауда тұрған құжаттары негізінде жинақталған мәліметтер жасақталды. Еңбегі сіңген тұлғалардың жеке кітаптары, жобалары мен фотолары, құжаттамалары жиналған көпшілікке ұсынылды. Іс-шара барысында қазақ спортының ...
Читать далее »Шымкенттік педагог өз тәжірибесімен бөлісті
Шымкентте балабақша тәрбиешілері «Сұлулық біздің айналамызда» жобасы аясында өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісуде. «Көркемдік-эстетикалық шабытты дамыту» орталығы №49 «Жасұлан» бөбекжай-бақшасының педагогі, «Ягодка» ортаңғы топ тәрбиешісі Лариса Никитина «Танграм» ойыны тақырыбында шеберлік-сынып өткізді. Танграм ойыны балаларды дамытуға үлкен септігін тигізеді. Басқатырмақ екенін түсіндірген ол ойнау әдістерін нақты көрсете алды. Ереже бойынша ойнауды және нұсқаулықты орындауды, көрнекі-бейнелі болжауды, елестетуді, назар салуды, түсті, өлшемді ...
Читать далее »Шымкент туристерді тарихымен де қызықтыруы тиіс
Шымкент туристерді тамылжыған табиғаты және қонақжайлылығымен ғана емес, өңірдің терең тарихымен қызықтыруы тиіс. Бұл туралы бүгін Шымкентте өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» халықаралық кездесу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. — Шымкент — мәдениет пен өркениетті үндестіріп тұрған тарихи қала. Бүгінгі жиын Шымкенттің Ұлы Жібек жолы тарихындағы орны мен ЮНЕСКО-ның мәдени ...
Читать далее »Батырлық өнерді дәріптейтін жоба өтуде
Шымкенттегі ескі қалашықта орналасқан этноауыл аумағында қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Бес қару» атты авторлық этно-фест өтіп жатыр. Батырлар институтын қалыптастыру мен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған этно-фестті қала тұрғындары мен қонақтары үш күн бойы тамашалай алады (25-26-27 қазан күндері). Келушілер этно-фест барысында «Оңтүстік Қазақстан суретші жастары» бірлестігінің өкілдері ұсынған «Бес қару» экспозициясының сахналық көріністерін тамашалап, жыршылардың орындауындағы ...
Читать далее »Биыл ашылған мектептер циклі:«Сайрам көмекші-мектеп-интернат-колледж» арнайы кешені
Шымкентте биыл Сайрам көмекші мектеп-интернаты «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешені» мәртебесіне ие болды. Мектеп-интернаты ғимаратының негізі 1916 жылы қаланған. 1935 жылы балалар үйі, 1975 жылы «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» болып өзгерді. Мекеме арнайы оқытуды қажет ететін балалардың психофизикалық кемшілігін түзету, функционалдық сауаттылығын арттырып, еңбекке баулу және қоғамдық өмірге бейімдеп келуде. Бүгінде бұрынғы мектеп-интернаттың орнына жаңа үлгідегі ғимарат салынып, 267 бала тәрбие ...
Читать далее »Нұртас шағынауданында ауызсу жүйелерінің құрылысы қараша айында аяқталады
Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданындағы жаңа құрылыс аумағын сапалы ауызсумен қамту бойынша маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстарының бүгінде 90 пайызы аяқталды. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 40,8 шақырым ауызсу құбырының бүгінде 38 шақырымы орнатылды. 2021 жылдың қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, Нұртас шағынауданындағы 850-ге жуық абонент сапалы ауызсумен қамтылатын ...
Читать далее »Шымкенттіктер «Сельская честь» операсын тамашалады
Шымкент қаласының опера және балет театры әлемге әйгілі «Сельская честь» операсын көрермендерге тарту етті. Аталған операның алғашқы премьерасы 2017 жылы Шымкент опера және балет театрында сахналанған болатын. Өнер ұжымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әлемдік операны өнерсүйер қауымға тарту етіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Үздік туындыны сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандары жұмылдырылды. П.Масканьидің «Сельская честь» операсының премьерасы ...
Читать далее »Т.Рысқұлов атындағы көше жақында көлік қозғалысына ашылмақ
Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы бойынша көлік қозғалысын ұйымдастыру ағымдағы жылдың қараша айының соңына аяқтау жоспарланған. Бұл бойынша қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтады. Нысан құрылысына жауапты мердігер — «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың Т.Рысқұлов көшесі бойынша ұзындығы — 684,7 метр, ені — 45 метр. Рысқұлов көшесінде ескі асфальт жолы толық алынып, жол негізі әзірленіп, асфальт төселінген. Жоспар ...
Читать далее »ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ТАРИХЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТТІҢ РӨЛІ ЮНЕСКО ДЕҢГЕЙІНДЕ ТАЛҚЫЛАНАДЫ
Шымкентте «Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» атты халықаралық кездесу өтуде. Іс-шараны Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Кездесуге Орталық Азия елдерінің белгілі тарихшылары мен археологтары, мәдениет және спорт ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІКТЕР «СЕЛЬСКАЯ ЧЕСТЬ» ОПЕРАСЫН ТАМАШАЛАДЫ
Шымкент қаласының опера және балет театры әлемге әйгілі «Сельская честь» операсын көрермендерге тарту етті. Аталған операның алғашқы премьерасы 2017 жылы Шымкент опера және балет театрында сахналанған болатын. Өнер ұжымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әлемдік операны өнерсүйер қауымға тарту етіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Үздік туындыны сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандары жұмылдырылды. П.Масканьидің «Сельская честь» операсының премьерасы ...
Читать далее »СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА
Солтүстік-Казақстан облысы «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына көшіру бойынша қабылдау жүргізеді. Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті аймақаралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау бағытында келесідей көрсетіледі: — көшуге материалдық көмек беру; — Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай – ақ отбасы жағдайына қарамастан ...
Читать далее »ӨКПЕСІ 80 ПАЙЫЗ ЗАҚЫМДАЛҒАН НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ
Шымкенттің білікті дәрігерлері 55 жастағы Нүрила Асқарбекқызын аман алып қалды. Науқастың өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған. Ол 9 қыркүйек күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы келіп түскен болатын. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады. Науқас коронавирус инфекциясы мен тыныс жетіспеушілігінің салдарынан жасанды тыныс алу аппаратына қосылады. Оған қоса науқастың қандағы оттегі мөлшері ...
Читать далее »Қарабастау сапалы электрмен қамтылды
Шымкент қаласындағы Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды. Бұл жөнінде Еңбекші ауданы әкімдігі мәлімдеді. Елді мекенде электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы қараша айында басталған болатын. Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 900-ге жуық абонентке арналған 19 шақырым электр желісін жүргізді. Нысан жуырда пайдалануға берілді. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы ...
Читать далее »Тұрандағы тұрғындардың мәселесі оңынан шешіледі
Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданының 192-орамында орналасқан бес қабатты 12 тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы аяқталған. Биыл наурыз-сәуір айларында бұл үйлерге тұрғындар қоныстанып, тұрақты ауызсу, кәріз, электр қуаты, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген болатын. Алайда, қала бойынша газ көлемінің тапшылығына байланысты бұл үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілген жоқ. Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі жобаға сәйкес автономдық жылу жүйесімен жабдықталғандықтан орталықтандырылған жылу жүйесіне де ...
Читать далее »«Shanyraq» орталығы – игі істердің бастамашысы
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «Shanyraq» орталығының жұмысымен танысты. Ашылғанына небәрі бір жыл болған орталық қаладағы осал топтардың әлеуметтік картасын дайындауда елеулі істер атқарып келеді. Әлеуметтік мәселелер жөнінде қаланың төрт ауданымен тығыз байланыс орнатқан орталықта жас аналармен бірге әжелер және жалғызілікті әкелердің де мектебі жолға қойылған. Орталық меңгерушісі Абибулла Қалымбеттің сөзінше, орталыққа азаматтар айына бір рет бас қосып, ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
