Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 11 азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап-тілектерін жеткізді. Қаратау ауданы Бозарық елді мекенінің тұрғыны Алмасхан Еспаев Таскен шағынауданы тұрғындарына өз есебінен ауыз су жүйесін жүргізген, оны коммуналдық меншікке қабылдауға ықпал етуді сұрайды. Қала әкімі бұл азаматтың өтінішін жеке бақылауына ...
Читать далее »Шымкент
2022 жылы «Түркістан-Шымкент-Ташкент» бағытындағы халықаралық теміржол құрылысы басталады
2022 жылы «Түркістан-Шымкент-Ташкент» бағытында жоғары жылдамдықты пойызға арналған халықаралық теміржолдың құрылысы басталады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған жобаның маңызы зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ, өңір басшысы теміржолдың салынуы Түркістан өңірінің ғана емес, еліміздің дамуына оң серпін беретінін жеткізді. «Апта басында Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев кездесіп, мемлекетаралық келісімдерге қол қойды. Соның ішінде Түркістан ...
Читать далее »Шымкентте отбасылық үлгідегі кітапхана жаңғыртылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №2 және №5 кітапхана бөлімшелері жаңғыртылып, бүгін оқырмандарына есігін айқара ашты. Жаңғыртылған бөлімшелер белгілі бір тақырыпқа бағытталған. Мәселен, №2 бөлімше мәдениет, өнер саласына арналса, №5 бөлімше Абай шығармашылығын негізге алған. Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, «Ауыл» социал-демократиялық париясы Шымкент қалалық филиалының ...
Читать далее »Шымкенттегі медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорын «Алтын сапа» сыйлығын жеңіп алды
Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Президентінің 2021 жылғы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Шараға бейнеконференция байланысы арқылы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев пен жергілікті кәсіпкерлер және сала басшылары қатысты. Елімізде «Алтын сапа» байқауы 15 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бүгінге дейін ...
Читать далее »276 орам тұрғындары ауыз сумен қамтылды
Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып отыр. Атап айтқанда биыл қаладағы елді мекендерге ауыз су тарту үшін 14 нысанның құрылысы жүргізілді. Бүгінде бірқатар елдімекенде жұмыс аяқталып, тұрғындар тіршілік нәріне қол жеткізді. Сондай елдімекендердің бірі — ...
Читать далее »Газ баллонын жанармай бекетінде толтыру заңсыз
Шымкент қаласының газ техникалық инспекция бөлімі төтенше жағдайлар және өндірістік қауіпсіздік департментімен бірлесе газбен қамтылмаған көпқабатты (жатақхана) үйлерді аралап, тұрмыстық баллонын пайдалануда қауіпсіздік шарасын сақтау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізуде. Бүгінде қаласы аумағында орталық газ жүйесіне қосылмаған 13 жатақхана бар. Мұндағы тұрғындар тұрмыстық газ баллонды пайдаланып келеді. Тиісті сала мамандары Еңбекші ауданында Қаратөбе тас жолы № 34 үй мен Сарымолдаев көшесі ...
Читать далее »Аудан әкімі су, электр және газбен қамту жайын жеткізді
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан әкімі инфрақұрылыммен қамту туралы айтты. Аудан аумағында 24 шағынаудан мен елді мекен орналасқан. Ондағы негізгі өзекті мәселенің бірі – инфрақұрылым. Бүгінде 7 елді мекен ауыз сумен, 7 елді мекен электр жарығы, 2 елді мекен табиғи газбен қамтылмаған. А.Әліқұлов өз баяндамасында биыл ...
Читать далее »«Ауылдықтар» тірек-қимылы бұзылған балаларға ерекше сый жасады
Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы жалғасын табуда. Акция аясындағы кезекті іс-шара «Болашақ» тірек-қимылы бұзылған балаларды оңалту орталығында өтті. Бұл жолы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы орталыққа қайырымдылық көмек көрсетті. Атап айтқанда, «Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Қанатбек Досалиев және партия атынан сайланған мәслихат депутаттары Қуаныш Дәулеталиев пен Ғани Қанжігітұлы, сондай-ақ партияның Нұр-Сұлтан ...
Читать далее »Ми инсультін анықтайтын жасанды интеллект жүйесі іске қосылды
Шымкент қаласындағы №2 ауруханада ми инсультін диагностикалайтын жасанды интеллект жүйесі іске қосылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Тың әдіс инсульт ауруын 10 минутта анықтауға мүмкіндік береді. №2 ауруханада базасында өткен «CEREBRA» жобасының таныстырылымы барысында жаңа жүйемен жұмыс істеу әдісі мен ауруды ерте сатысында анықтаудың маңыздылығы толығымен түсіндірілді. Жаңа жоба арқылы медицина мамандары инсультты ерте деңгейде анықтап, бірден ишемияға ...
Читать далее »Шымкентте цифрландыру қызметтері бойынша пресс-тур өтті
Үшінші мегаполисте цифрландыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының мамандары БАҚ өкілдеріне өткізген баспасөз туры барысында мәлімдеді. Ақпараттық топ алдымен «І-көмек 109» орталығында болды. Орталық жетекшісі Азат Әміртайдың баяндауынша, «І-көмек 109» қызметі қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен 2020 жылдың 26 маусымында ашылған. Бір жылдан астам уақыт ішінде қала тұрғындарынан 230 мыңнан аса арыз-шағым түскен. Соның ішінде ...
Читать далее »Шымкентте 5 мыңға жуық адам «Pfizer-Biontech» вакцинасын салдырды
Шымкентте эпидахуал тұрақты. Соңғы тәулікте ковидтің 15 жағдайы тіркелді (белгілері бар-14, белгілері жоқ-1). Оның ішінде 9 науқас инфекциялық стационарға жатқызылса, 6 науқас үй бақылауына алынды. Бір тәулік ішінде қалада 2 141 адам вакцина алды (I компонент-653, II компонент-1 488). Егу науқаны басталғалы жалпы 581 009 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 543 020 адам вакцинаның екі компонентін алды. Осы жылдың 15 қарашасынан ...
Читать далее »Шымкентте ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті
Шымкентте «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «30 жылдыққа – 30 жұлдызды күн» атты іс-шаралар шеруі аясында өтуде. Бір айлық акция аясында «Тұғырлы тәуелсіздік» атты іс-шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан орталықта жаңадан жасақталған этно мұражайды аралап, «Бейбітшілік пен келісім жолымен» телевизиялық жобасы фильмін тамашалады. Телевизиялық жобаның басты ...
Читать далее »Шымкенттің бас дәрігері ревакцинация жасады
Шымкентте коронавирусқа қарсы ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. 9 ай бұрын инфекцияға қарсы вакцина алған азаматтар қазір медициналық ұйымдарда қайта екпе салдыруда. Бүгін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов коронавирус инфекциясына қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін салдырды. Басқарма басшысы тіркелген емханасына барып, отандық QazVac екпесін алды. Б.Позилов ревакциналау сәтін «Instagram» желісіндегі парақшасында тікелей эфирде көрсетіп, тұрғындар сауалына жауап берді. Медицина ...
Читать далее »Жаңа реформаны түсіндіру жұмысы нәтижесін беруде
Шымкентте жаңа тұрғын үй реформасы өз нәтижесін беруде. Айталық, Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үй болса, соның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде МИБ және ЖС құру жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және ...
Читать далее »Шымкент жүрек орталығында кезекті шеберлік сағаты өткізілуде
«Шымкент жүрек орталығы» мекемесінде жүректің сол жақ қарыншасының қызметін жақсарту үшін механикалық қолдау құрылғысын имплантациялау бойынша кезекті шеберлік сағаты өтуде. Аталған шеберлік сағатын «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» КЕАҚ және «Шымкент жүрек орталығының» кардиохирургтары мен кардиологтары бірлесе ұйымдастырып отыр. «Шымкент жүрек орталығы» бүгінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, мамандар даярлау және оқыту орталығына айналды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында да ...
Читать далее »Еңбекші ауданында көпсалалы спорт алаңшасы ашылды
Шымкент қаласы әкімінің бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу жөніндегі тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Тұрғындар игілігі үшін салынған алаңшалардың 16-сы бюджеттен қаралса, 2-і демеушілер есебінен салынған. Спорт алаңшаның 6-ы шалғай елді мекенде, 4-і жеке секторда және 8 алаңша көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан. Ауданда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға беріліп отыр. ...
Читать далее »Литваның консулына Шымкенттің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Литваның Алматыдағы Бас консулы Керушаускас Гвидаспен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру мәселесі мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады. Мақсұт Пернебайұлы қаланың даму қарқынына тоқталып, Шымкент — Республиканың ең ірі өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі болып табылатынын айтып өтті. «Біздің басты мақсатымыз – қаланы өмір сүруге қолайлы етіп, кәсіп ...
Читать далее »Қалалық №1 клиникалық аурухана су жаңа құрылғымен жабдықталды
Шымкенттегі қалалық №1 клиникалық ауруханасында Тәуелсіздік мекересі қарсаңында АҚШ-тан әкелінген компьютерлік томография құрылғысы іске қосылды. Ем-дом көрсету мекемесінде ашылған компьютерлік томография кабинетімен танысқан шаһардың бас дәрігері Бақытжан Позилов аппарат инсульт алған науқастың диагнозын дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретінін жеткізді. – Бұл жеке инвестордың есебіне алынған құрылғы. Қаладағы медициналық орталықтарда 21 компьютерлік томография болған. Көбі жекеменшік мед орталықтарда орналасқан. Ал жаңа ...
Читать далее »Шымкент пен Адана арасында екі жақты келісімге қол қойылды
Шымкент қаласы мен Түркия Республикасының Адана қалалары арасындағы бауырластық келісім орнату бойынша іс-шара өтті. Zoom платформасы арқылы онлайн қол қою рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Адана қаласының мэрі Зейдан Каралар мырза қатысты. Тараптар Шымкент пен Адана қалалары арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, спорт, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастықты орнату бойынша екі жақты келісімге келді. Бірқатар ...
Читать далее »Шымкент: Тағы да 50 жаңа автобус
Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай қоғамдық көліктің 3 жаңа бағыты іске қосылып, 50 жаңа автобус жолаушыларға қызмет көрсете бастады. «Радуга транспорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі автобустардың кілтін жүргізушілерге қала әкімі Мұрат Әйтенов табыс етті. — Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасының сара саясатының арқасында елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Соның ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
