Жыл жетістігі: Қаратау ауданында 370 көше жарықтандырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Жыл жетістігі: Қаратау ауданында 370 көше жарықтандырылды

Биыл ауданда көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. 2023 жылы аудан аумағында 30 көше жарықтандырылса, биыл 370 көшеге жарық жүйелері жүргізілді.

Сондай-ақ ауданда бір жылда 206 көше толығымен асфальттеліп, тұрғындар өтінішіне сәйкес 19 орынға ирригациялық арық салынды. Жергілікті азаматтардың өтініші негізінде 21 аулаға балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 аулаға ашық спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді.

Ағымдағы жылы 4 елді мекенді ауыз сумен және табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілді. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 8 демалыс орны салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Сонымен қатар 25 көпқабатты үйдің қасбеттері безендіріліп жарықтандырылды. Нұрсәт шағынауданы мен Нұрсәт тұрғын алабында орналасқан көпқабатты үйлерге түрлі тақырыпта 13 мурал салынды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...