Айдос Аймашов – туған өлкесінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан еңбекқор азамат. Ол 1988 жылдың 22 қазанында Түркістан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. Алғашқы білімін 1996 жылы Әңгірата бастауыш мектебінде алған жас талап 2000 жылы Абай атындағы орта мектепке қабылданып, оны 2006 жылы тәмамдады. Сол жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне грант негізінде оқуға түсіп, 2010 жылы жоғары ...
Читать далее »Жұмысшы мамандықтары жылы
В Шымкенте водителем автобуса впервые стала женщина
В Шымкенте за руль городского автобуса впервые села женщина. До этого общественный транспорт мегаполиса считался исключительно мужской сферой. Многодетная мама Жанар Умарова стала первой и пока единственной женщиной-водителем многотонного автобуса. Как ей удаётся совмещать непростую работу и семью? Утро Жанар Умаровой начинается не с кофе, а с обязательного медицинского осмотра. Здесь у каждого водителя врач проверяет давление, дыхание и тест ...
Читать далее »Шымкентте алғаш рет әйел адам автобус жүргізушісі атанды
Көпбалалы ана Жанар Омарова қазір олардың ішіндегі жалғыз әйел. Ол бұл мамандыққа қалай келді? Жанар Омарованың таңы кофеден емес, медициналық тексерістен басталады. Қан қысымы, ішімдікке тест жұмыс алдында бәрі қатаң тәртіппен қаралады. Автобус жүргізушілері осыдан кейін ғана рөльге отырады. Ол жүргізуші болуды бала кезінен армандады. 18 жасында жүргізуші куәлігін алған Жанар Омарова ең алдымен кондуктор болып істеді. Кейін троллейбусқа мінді. ...
Читать далее »Жауапкершілік пен біліктілік иесі
Теміржол саласы ел экономикасының күре тамыры. Осы салада табандылықпен еңбек етіп жүрген білікті мамандардың бірі Тұрар Қалдыбеков. Ол еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинистің көмекшісі болып бастаған. Теміржол саласындағы кәсіби қызметіне 12 жыл 5 айын арнаған Тұрар Қалдыбеков бүгінде өз ісінің нағыз маманы атанды. Қазіргі таңда ол техникалық бөлімнің бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді. Жауапкершілігі мол жұмыста тәжірибесі мен ...
Читать далее »Жұмысшы мамандықтар жылы – жас буынға жаңа мүмкіндік!
Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, жастарды еңбекке баулу және отандық өнім өндірушілерді таныстыру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен Түркістан жоғарғы көпсалалы қолөнер колледжі мен Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің 250 студенті «Түркістан» еркін экономикалық аймағындағы «Grand Miks» мебель құрастыру және «Kaztor LTD» ЖШС қоршау өнімдері өндірісімен танысты. ...
Читать далее »Түркістан: Отырардағы жәрмеңкеде тұрғындарға 1000-ға жуық жұмыс орны ұсынылды
Түркістан өңірінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен жұмыспен қамту, өндіріс орындарын ашу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы ретте Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округіндегі «Түркістан агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің өндіріс орнында Жұмысшы мамандықтар жылына орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге өндіріс процесі таныстырылып, 44 бос жұмыс орны ұсынылды. Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов жұмыс іздеушілерге инвестициялық жобалардың ...
Читать далее »Түркістан облысында 8 айдың қорытындысымен 101 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты
Түркістан облысында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, азаматтарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасып келеді. 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын құру көзделген. Осы жылдың 8 айының қорытындысымен 100 807 азамат жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте баяндалды. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға Президент тапсырмаларының тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз ...
Читать далее »Токарь мамандығы – жоғары дәлдік пен кәсіби шеберліктің үлгісі
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл бастама ел экономикасының негізін құрайтын техникалық және жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыруға бағытталған. Солардың бірі – токарь мамандығы. Токарь – бұл металл мен өзге де материалдарды өңдеудің күрделі тәсілдерін меңгерген білікті маман. Оның негізгі міндеті – жоғары дәлдікпен әртүрлі бөлшектерді дайындау, оларды қажетті өлшемге келтіру және сапалы өңдеу. Бұл мамандық өндірістің әр саласында – ...
Читать далее »Қауіпсіз сапардың кепілі – білікті машинист
Теміржол көлігі ел экономикасының күретамыры, ал осы салада адал еңбек етіп жүрген мамандардың үлесі ерекше. Солардың бірі Даулетбаев Нұржан. Ол теміржол саласында 16 жыл 11 айдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастап, тәжірибе жинақтады. Қазіргі таңда жауапкершілігі жоғары машинист қызметін абыроймен атқарып жүр. Жылдар бойы жинаған кәсіби білімі мен тәжірибесі Нұржанға ...
Читать далее »Киім дизайнері: Өнер мен кәсіптің үндесуі
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, киім дизайнерінің рөлі мен маңызын ерекше атап өту қажет. Киім дизайны – бұл тек сән әлемінің шеңберіндегі кәсіп емес, ол адамның тұлғасын, әлеуметтік мәртебесін, мәдени көзқарасын білдіретін өнердің бір түрі. Киім дизайнері – бұл адамның ішкі әлемін сыртқа шығара алатын, әртүрлі түстер мен текстуралар арқылы ерекше стиль жасайтын маман. Киім дизайнерінің жұмысы шығармашылықтың шыңына жетелейтін үлкен ...
Читать далее »Еңбек адамы – теміржолдың тірегі
Теміржол саласы – ел экономикасының күретамыры. Осы салада табандылықпен еңбек етіп, өзінің білімі мен тәжірибесін жас мамандарға үйретіп жүрген жанның бірі – Джумасеитов Данияр. Ол еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастап, теміржол саласында 25 жыл 5 ай бойы үздіксіз еңбек етіп келеді. Бүгінде тәжірибелі маман машинист-нұсқаушы қызметін атқарып, теміржолшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге, олардың кәсіби деңгейін арттыруға ...
Читать далее »Көп жылғы тәжірибе – сенімді тірек
Теміржол саласы – ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Осы жауапты әрі күрделі салада абыройлы еңбек етіп келе жатқан мамандардың қатарында Кулымбетова Гульнур да бар. Оның еңбек өтілі 24 жыл 8 айды құрайды. Гульнур Кулымбетова еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында жылдамдық таспасын анықтаушы оператор қызметінен бастаған. Іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында кәсіби тәжірибесін шыңдап, өз мамандығына адалдығын көрсетті. Бүгінде ол жылдамдық ...
Читать далее »Адал еңбек – абыройдың бастауы
Ел ішінде қарапайым көрінгенімен, абырой биігінен көрініп жүрген азаматтар бар. Солардың бірі — Ашықбаев Бағдат Серікұлы. Еңбегімен еленіп, тіршіліктің тынысын жанымен сезініп, адал маңдай терімен елге үлгі болып жүрген жан. Бағдат Серікұлы 1987 жылдың алтын күзінде, 28 қазанда дүниеге келген. Тумысынан еңбекке етене жақын азамат бүгінде 16 жылдық тәжірибесімен мақтана алады. Соңғы жарты жыл ішінде ол Абай қаласының коммуналдық мемлекеттік ...
Читать далее »Құрылысшы – мәртебелі мамандық
Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар.Сондай қадірлі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы. Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық. Ал құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Осындай мәртебелі салада еңбек етіп жүрген жандар көптеп саналады. Бүгінде қалаларымыз жыл сайын көркейіп, биік-биік үйлер,ғимараттар жыл өткен сайын көбейіп, ...
Читать далее »Өнегелі өмір, өлшеусіз еңбек
Теміржол саласы – ел экономикасының күретамыры. Осы жауапты әрі күрделі салада адал еңбек етіп жүрген мамандардың бірі – Амантай Атчабаров. Ол өз еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастаған. Жастайынан теміржол ісіне қызығып, табандылығы мен жауапкершілігінің арқасында кәсіби шыңдалып, бүгінде 21 жыл 7 айлық еңбек өтілі бар тәжірибелі маманға айналды. Қазіргі таңда Амантай Атчабаров аға машинист-нұсқаушы қызметін ...
Читать далее »Еңбек жолы – табандылық пен кәсібилік үлгісі
Теміржол саласында 19 жыл 10 ай бойы адал еңбек етіп келе жатқан Исабаева Нұржамал өзінің еңбек жолын Туркестан локомотив пайдалану депосында машинистка-секретарь қызметінен бастаған. Бүгінде ол тасымал құжаттарды өңдеу операторы ретінде жауапты қызмет атқарып отыр. Кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі арқасында Нұржамал теміржол саласында тәжірибелі мамандардың қатарынан көрінеді. Оның еңбек жолы – табандылық пен адалдықтың үлгісі, жас мамандарға кәсіби даму мен ...
Читать далее »Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
Кентау қаласында жұмысшы мамандықтарды дайындайтын Кентау политехникалық колледжі бар. Оқу орны 2011 жылы Кентау трансформатор зауытының негізінде құрылған. Сондай-ақ, «Alageum Electric» компаниясының құрылымдық бөлігі. Бүгінде колледж қабырғасында 11 мамандық бойынша 800-ден астам студент білім алады. Бүгін жұмысшы мамандықтар жылы аясында аталған колледжде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер оқу орнындағы электроэнергетика, автоматтандыру, IT, мехатроника, жаңартылатын энергия көздері ...
Читать далее »Түркістан: Жұмысшы мамандықтар жылының нәтижелері қаралды
Президент тапсырмасымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы еліміздің еңбек нарығындағы өткір мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған ауқымды бастама болды. Жастардың техникалық және өндірістік салаға бет бұруын арттыру, жұмыссыздықты төмендету және еңбекке адал көзқарасты қалыптастыру – осы бастаманың басты мақсаттары. Түркістан облысында бұл бағытта қыруар жұмыс атқарылып, нақты көрсеткіштер мен нәтижелерге қол жеткізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің ...
Читать далее »Түркістан: Жұмыссыздықпен күрес – басты міндет
Облыс көлемінде халықты жұмыспен қамту шаралары ұдайы жалғасып келеді. Өңірде жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету және жұмыс берушілер мен іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату мақсатында жыл басынан бері 64 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткен. Аталған шараларда 1 257 жұмыс беруші өз қызметтерін ұсынып, барлығы 6 841 бос жұмыс орны жарияланды. Нәтижесінде 6 761 азамат қатысып, олардың ішінде 2 344 адам нақты ...
Читать далее »Табандылық пен тәртіптің иесі
Теміржол – еліміздің экономикалық күре тамыры. Осы күрделі салада табанды еңбек етіп, абыроймен қызмет етіп жүрген мамандардың бірі Каримова Гульмира. Гульмира Асетуллақызы теміржол саласындағы еңбек жолын 34 жыл 9 ай бұрын Түркістан локомотив пайдалану депосында есепші ретінде бастаған. Көп жылдық тәжірибе мен кәсіби біліктіліктің нәтижесінде ол бүгінде жетекші есепші қызметін атқарып келеді. Сан-салалы есеп-қисапты жүргізу, қаржылық тәртіп пен жүйелілікті сақтау ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
