Медицина

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары басталады

Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошақтары орналасқан, бұл аумақта аурудың таралуына жағдай жасайтын бірнеше факторлар бар. Қалада қазіргі уақытта КҚГҚ ауруына күдікті жағдайлар тіркелмегенімен, өткен 2024 жылы 2 расталған жағдай орын алған болатын. КҚГҚ ауруы иксодты кенелер арқылы жұғады, сондықтан кене шағу жағдайлары медициналық бақылауда болуы керек. Жыл басынан бері кене шағу дерегімен медициналық көмекке 12 адам ...

Читать далее »

Шымкент: МӘМС жүйесінде дербес төлеушілер саны артты

Шымкентте 900 мыңнан астам азамат медициналық сақтандырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін 250 мыңға жуық адамның МӘМС жарнасы жұмыс беруші мен жалақысынан тұрақты түрде аударылуда. 7000-ға жуық адам жарнасын дербес төлеуші ретінде төлейді. Жеңілдік санатындағы 722 529 шымкенттік мемлекет есебінен сақтандырылған. Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтамасыз ету және сапалы медициналық көмек көрсету бойынша осы және өзге де өзекті мәселелер ...

Читать далее »

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды.

Емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі- психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкагольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады. Алғаш рет ашылған “Науқастар мектебінде” денсаулық орталығының мамандары психо белсенді заттарға тәуелді науқастар мен жанұясындағы азаматтарға қолдау көрсетіп, кәсіби ...

Читать далее »

Туылған сәтте жүрегі тоқтап қалған: Дәрігерлер ауыр жағдайдағы сәбиді аман алып қалды

Шымкент қалалық перинаталды орталықтың тәжірибелі дәрігерлері ауыр жағдайда өмірге келген сәбиді аман сақтап қалды. Нәрестенің анасы, Шымкент қаласының тұрғыны Айман Сарыбаева «Плацентаның мерзімінен бұрын ажырап кетуі» диагнозымен орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген. Шұғыл түрде әрекет еткен дәрігерлер, әйелді кесарь тілігі жолымен босандырып алды. Бірақ туылған кезде нәрестенің жағдайы қиындап, жүрегі соқпай қалған. Дер кезінде әрекетке көшкен неонатолог — дәрігерлер жедел түрде ...

Читать далее »

Түркістан облысында туберкулез аурушаңдығы төмендеген

Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді. «Облыс бойынша тұрғындар арасында 2025 жылдың 2 айында туберкулезбен 102 жағдай тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,8 пайызға төмендеген. Ал, 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында 4 жағдай тіркелген. Алайда өңірде сырқаттың асқынған түрі тіркелмеген. Сонымен қатар, биыл флюорографиялық тексеруге 7 549 адам жоспарланып, туберкулез ауруымен ...

Читать далее »

Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулығында ақау жоқ. Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта ...

Читать далее »

Шымкентте 160 мыңға жуық тұрғын тегін дәрі-дәрмек алды

Өткен жылы Шымкент қаласында 160 мыңға жуық адам амбулаториялық жағдайда тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды. Бұл медициналық көмек Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің мәліметінше, диспансерлік есепте тұрған азаматтарға 100-ге жуық нозология бойынша босатылған. МӘМС жүйесі ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың ...

Читать далее »

МӘМС: Шымкенттегі медициналық қызмет сапасы қалай өзгерді?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгелі бері медициналық қызмет көрсету сапасы артып, халық үшін жоғары технологиялық көмекке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып, медициналық көмекке бөлінетін қаражат ұлғаюда. 2024 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау бюджеті 134,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде 61,7 млрд теңге МӘМС жүйесіне, ал 72,5 млрд теңге ТМККК (тегін медициналық көмектің ...

Читать далее »

Шымкентте студенттер фельдшерлік дағдыларын көрсетті

Шымкентте медициналық колледждер арасында “Үздік фельдшер” байқауы өтті. Болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара тек жарыс емес, ол студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, шұғыл және жедел медициналық көмекті сапалы көрсетуге деген қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді. Байқауға қаладағы медициналық колледждің төртінші курс студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар фельдшер мамандығына тән әртүрлі шұғыл жағдайлардағы іс-қимылдарын көрсетіп, білімдері мен біліктіліктерін ...

Читать далее »

Шымкент қаласында бруцеллездің алдын алу шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласында бруцеллез (сарып) ауруының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты бақылауда. 2024 жылы 21 жағдай тіркеліп, өткен жылмен (2023 жылы – 17 жағдай) салыстырғанда 19%-ға жоғарылағаны анықталды. Балалар мен жасөспірімдер арасында да аурушаңдықтың белгілі бір деңгейде өсуі байқалады. Алайда, бұл дерттің алдын алу шаралары тиімді жүзеге асырылып, халық арасында ақпараттандыру жұмыстары күшейтілуде. Азаматтар жеке сақтық шараларын сақтап, мал өнімдерін дұрыс пайдаланса, бруцеллезден толық ...

Читать далее »

Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы өтті

Бауыр трансплантациясы – қазіргі заманғы хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Алайда Түркістан облысы мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі операция сәтті өтті. Науқас Нурметова Ульяна, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ...

Читать далее »

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен. Антенаталды кезеңнен бақылауда болып, толық тексерілуден кейін көлемді отаға дайындық жүргізілді. Тексеру кезінде сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі төмендегені анықталған. Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зар ...

Читать далее »

Ардагерлерді ардақтау – қоғамның ортақ борышы: Шымкентте 7 мыңнан астам зейнеткер шипажайға жолдама алған

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ержүрек ұл-қыздары жанқиярлық ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы жылдарды, ел тарихының қасіретті беттерін ұмытуға болмайды. Себебі, біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін аталарымыздың алдында әрқашан қарыздармыз. Сондықтан, майдангерлерге құрмет көрсету – бүкіл қоғамның қастерлі борышы. Өкінішке қарай, Шымкент қаласында екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен оларға теңестірілгендер жыл сайын азайып барады. Қазіргі ...

Читать далее »

Шымкент медицинасы: 2024 жылы қандай өзгерістер орын алды

Шымкент қаласында 2024 жылы медицина саласында ауқымды өзгерістер мен жетістіктер орын алды. Халықтың денсаулығын жақсарту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды. Медицина мамандары заманауи технологияларды меңгеріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Н. Асылбеков айтты. Ұлттық аккредитация: 56%-ға артқан көрсеткіш 2024 жылы ...

Читать далее »

Түркістан облысында 7 мыңнан аса ардагер демалыс орындарына жолдама алған

Түркістан облысында 2024 жылы 7 188 азамат «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйінде демалуға жолдама алған. Оның ішінде 161-і ҰОС теңестірілген азаматтар. Бүгінгі таңда өңірде 9 ҰОС ардагері, 3 092 тыл ардагері және 277 соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен 99 соғыс кезіндегі жалдамалы құрамның азаматтары бар. Айта кетейік, облыста жалпы саны 197 818 зейнеткер тұрады. Оларды жыл сайын түрлі ...

Читать далее »

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.А. Асылбековтың төрағалымен жедел жәрдем станция қызметкерлерімен семинар өткізілді. Жиында шақыртуларға уақытылы жету, науқастарға сапалы дұрыс көмек көрсету, қажет болған жағдайларда ауруханаға уақытылы жеткізу, аналардың, балалардың өлімін болдырмау мәселелері талқыланып, мәселерлерлің шешімі айтылды. Сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау Министірінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қалалық ДСБ-ның ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының жедел жәрдем бригадаларын аттестациялау жүргізілді. Біліктілігін жетілдіруден 1130 ...

Читать далее »

Шымкентте оңалту орталығының мамандары инновациялық әдістерді енгізу бойынша тәжірибе жинақтады

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «№2 оңалту орталығы» базасында реабилитолог-дәрігерлер, невропатологтар, ортопедтер, кардиологтар және терапевтер үшін халықаралық оқыту-практикалық курсы өтті. Оқыту бағдарламасы Астана қаласындағы халықаралық «Сиань” клиникасының медицина ғылымдарының докторлары: Цзо Цзя, Хэ Вэй, Цзя Чжунлин және Сара Жамалиеваның жетекшілігімен жүргізілді. Қытай дәрігерлері оңалту орталығының жұмысымен танысып, церебральды сал ауруы бар бірнеше пациентті қабылдап, кеңес берді. Сонымен қатар дәстүрлі ...

Читать далее »

Түркістан облысында 1,7 млн азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Бұл туралы брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді. «Түркістан облысы бойынша 2024 жылы денсаулық сақтау саласындағы Қор арқылы ТМККК мен МӘМС аясында келген бюджет көлемі– 235,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, МӘМС пакетіне — 117,7 млрд теңге, ТМККК пакетіне – 118,2 млрд теңге. Жалпы өткен жылы облыс тұрғындарына 184 медициналық ұйым қызмет ...

Читать далее »

Шымкент қалалық №2 ауруханасында 50-ден астам шетелдік азаматтарға нейрохирургиялық ота жасалған

Шымкентте шетелдік науқасқа күрделі оталардың бірі жасалып, бас миынан 6 см ісік алынды. Тәжікістаннан арнайы ем іздеп келген 18-жасар науқасты бас ауруы көптен бері мазалап жүрген. Ал соңғы жылдары дерт тіптен асқынып, шыдатпайтын халге жеткен. Мидан алынған ісіктің көлемі үлкен болғандықтан, ота кезіндегі қауіп те басым болған. Ақ халаттылардың айтуынша, мұндай ауру сирек кездеседі. «Қазіргі таңда науқастын жағдайы бір қалыпты. ...

Читать далее »

Новый механизм регулирования позволит снизить цены на лекарственные средства

В Казахстане будет действовать новый механизм регулирования цен на лекарственные средства, который предусматривает снижение предельной стоимости препаратов для обеспечения пациентов, получающих лечение в рамках ГОБМП, ОСМС и реализуемых в розничной сети аптек, сообщил вице-министр здравоохранения Ержан Нурлыбаев в ходе пресс-брифинга на площадке Службы центральных коммуникаций. Одним из инструментов снижения предельной стоимости лекарств станет исключение дополнительных расходов, которые ранее включались в ...

Читать далее »