Шымкент қалалық №2 ауруханасында 50-ден астам шетелдік азаматтарға нейрохирургиялық ота жасалған

Шымкентте шетелдік науқасқа күрделі оталардың бірі жасалып, бас миынан 6 см ісік алынды. Тәжікістаннан арнайы ем іздеп келген 18-жасар науқасты бас ауруы көптен бері мазалап жүрген. Ал соңғы жылдары дерт тіптен асқынып, шыдатпайтын халге жеткен. Мидан алынған ісіктің көлемі үлкен болғандықтан, ота кезіндегі қауіп те басым болған. Ақ халаттылардың айтуынша, мұндай ауру сирек кездеседі.

«Қазіргі таңда науқастын жағдайы бір қалыпты. Есін біледі, сөйлейді. Жақсы өзгерістер болып жатқаны байқалуда. Енді Алла жазса келесі сейсенбі науқасты өз отаны Тәжікістанға жіберу алдағы мақсатымыз. Ары қарай ол науқасқа Тәжікістанда, я болмаса осы Шымкент қаласында өздерінің қалауларына байланысты ары қарай реалибитациялық көмек қажет болады», — дейді нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Құлмырзаев

Соңғы кездері елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер саны артқан. Науқастар арасында нейро және кардиохирургия, перинаталды медицина, нейрология, ортопедия, стоматология саласына сұраныс жоғары дейді дәрігерлер.

«Қазіргі таңда Шымкент қалалық №2 ауруханасында біз медициналық туризімді өте белсенді түрде дамытып келе жатырмыз. Соның жақын көрінісі ретінде нейрохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық диагностикалар. Мысалы ретінде біздің ауруханада былтырғы жылы Молдова, Швецариядан, Тәжікістаннан, Өзбекстаннан көптеген науқастар келіп диагностикадан өтіп, біздің дәрігерлер операцияларын жасап отыр», дейді Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов.

Айта кетейік, елімізде соның ішінде Шымкент қаласында шет елден ем іздеп келіп, дертінен айығып кеткен азаматтардың қатары көбейген. Дәрігерлер мұны медицина сапасының жақсаруымен және қызмет көрсету жағындағы бәсекелестіктің мықты болуымен  байланыстырады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Аудит қорытындысы: Мемлекеттік қаражатты бақылау күшейтілді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Департамент тарапынан 113 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 29-ы жоспарлы, 84-і жоспардан тыс аудиттік тексерулер. Аудит ...

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» ...