Шымкенттік оқушы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған құрылғы жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік оқушы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған құрылғы жасады

Speaky — Шымкент қаласындағы НИШ-тің 12-сынып оқушысы Пернебек Диас әзірлеген әлеуметтік маңызы бар IT-жоба.

Жоба ым-қимылды компьютерлік көру арқылы танып, оны ауызша сөзге айналдырады, осылайша күнделікті қарым-қатынасты жеңілдетуге бағытталған. Бұл шешім тұрмыстық, білім беру және әлеуметтік ортада қолдануға арналған.

Shymkent IT Hub алаңында өткен іс-шаралар барысында Speaky жобасы 240 000 теңге көлемінде қолдау алды. Бұл қаражат жобаны дамытуға бағытталып, ерте кезеңдегі инвестиция ретінде қарастырылады. Speaky — өңірлік IT-экожүйенің жас таланттарға мүмкіндік беріп, қоғам үшін пайдалы технологиялар қалыптастыра алатынының жарқын дәлелі.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...