Ел жаңалықтары — Страница 7 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

Ашық диалог, ауқымды реформалар және халық сенімі: «Әділет» партиясы сайлауға біртұтас команда болып барады

«Әділет» партиясының Орталық аппаратында республикалық сайлауалды штабтың қорытынды отырысы өтті. Жиынға қатысушылар елдің барлық өңіріндегі бір айлық үгіт-насихат жұмысының қорытындысын шығарып, партия штабтарының, сенімді өкілдер мен бақылаушылардың дауыс беру күніне дайындығын талқылады. «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның саяси бағытының негізінде Мемлекет басшысының реформаларын қолдау және жаңа Конституция қағидаттарын іске асыру жатқанын атап өтті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаторлық бағытының ...

Читать далее »

Біздің Қазақстаннан басқа отанымыз жоқ

Бүгін республикалық «Әділет» партиясы үгіт-насихат жұмысын ресми түрде тоқтатты. Осыған орай жиын өтті. Қалалық сайлау алды штабтың мүшесі болғандықтан қатыстық. Тек Шымкенттің өзінде сайлаушылармен алты жүзге жуық кездесу, жүздесу, алқа қотан отырып кеңесу, алдағы бағыттарды айқындауда ойласу болғанын ескерсек, басқа өңірлерде осындай жұмыстар жүргізілгенін аңдауға болады. Әр аймақ өздерінде атқарылған жұмыстар бойынша қысқа есеп берді. Партия төрағасы Айбек Дәдебай сөз ...

Читать далее »

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева перед выборами в Курултай

Уважаемые соотечественники! В предстоящее воскресенье в нашей стране состоится поистине историческое событие – первые выборы в новый однопалатный Курултай. В последние годы наша страна уверенно идет по пути масштабных реформ. Благодаря единству, согласию, солидарности нам удалось достичь больших результатов в построении Справедливого Казахстана. Но впереди еще много работы. С вступлением в силу Народной Конституции эти выборы станут точкой отсчета новых ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Құрметті отандастар! Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Еліміз соңғы жылдары ауқымды реформаларды жүзеге асырып, жарқын болашаққа батыл қадам басып келеді. Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік. Халық Конституциясы күшіне енді, еліміздің даму бағдары өзгерді. Дегенмен атқаратын жұмыс әлі ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, мұны мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігін атап өтті. – Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді әрі бірегей мүмкіндіктерге жол ашып отыр, – деді ...

Читать далее »

Партия «Әділет» объединила сторонников со всей страны на Республиканском форуме в Астане

На завершающем этапе кампании в Астане прошел Республиканский форум сторонников партии с участием делегатов, активистов и представителей различных сфер из регионов страны. Обращаясь к сторонникам «Әділет», председатель подчеркнул, что в основе политического курса партии лежат принципы новой Конституции и стратегический курс Главы государства. «Мы поддерживаем стратегический курс Главы государства и готовы своей работой вносить вклад в его реализацию. Сегодня партия ...

Читать далее »

«Әділет» партиясының республикалық форумы елдің түкпір-түкпірінен келген қолдаушылардың басын қосты

Науқанның қорытынды кезеңінде Астанада «Әділет» партиясы қолдаушыларының республикалық форумы өтті. Жиынға еліміздің өңірлерінен делегаттар, белсенділер және түрлі сала өкілдері қатысты. «Әділет» партиясының төрағасы қолдаушыларға арнаған сөзінде партияның саяси бағыты жаңа Конституцияның қағидаттары мен Мемлекет басшысының стратегиялық бағытына негізделетінін жеткізді. «Біздің міндетіміз – Мемлекет Басшысының стратегиялық бағытын берік қолдап, оны жүйелі жүзеге асыруға нақты үлес қосу. Бүгінде «Әділеттің» төңірегіне еліміздің әр ...

Читать далее »

«Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне мониторинг: ескертулердің 98,6%-ы орындалды

Арнайы мониторинг топтары еліміздің барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерін аралап, олардың мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін тексерді. Топтар Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық аясында Орталық сайлау комиссиясының тапсырмасы бойынша құрылды. Мониторинг жұмыстарының мақсаты — сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығын тексеру және олардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдау. Өңірлердің басым бөлігінде мониторинг бірнеше кезең бойынша жүргізілді. Бастапқы тексеру ...

Читать далее »

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық және қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ спортта жоғары нәтижелер көрсеткен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді. Мемлекеттік сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады. Конкурсқа қатысуға құжат 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) қабылданады. Құжаттың қағаз нұсқасын мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел ...

Читать далее »

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты. Президентке экономиканың қазіргі ...

Читать далее »

Аида Балаева: «Государство не ограничивает свободу слова, а защищает её»

Уважаемые коллеги! В период предвыборной кампании возникает множество вопросов относительно деятельности журналистов, активистов, блогеров, требующих отдельного разъяснения. В первую очередь, напоминаю о бесспорном праве на реализацию журналистской и блогерской деятельности, в том числе, в части осуществления фото и видеосъемки. В соответствии с Законом РК «О масс-медиа», журналисты в рамках своей профессиональной деятельности имеют право осуществлять фото-, аудио- и видеозапись и ...

Читать далее »

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сайлау кезеңінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды

Құрметті әріптестер! Сайлауалды науқан кезінде журналистердің, белсенділер мен блогерлердің қызметіне қатысты түрлі сауалдар туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар мәселеге арнайы тоқталып, түсінік беруді жөн көрдім. Ең алдымен, журналистер мен блогерлердің заң шеңберінде өз қызметін еркін жүзеге асыруға, соның ішінде фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқығы бар екенін атап өткім келеді. Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңына сәйкес журналистер кәсіби қызметі барысында фотоға, ...

Читать далее »

Құрылтай – қоғам мен билік арасындағы ашық диалог алаңы

Қоғамның дамуы тек мемлекеттік шешімдермен ғана емес, азаматтардың ұсынысы мен қоғамдық пікірдің ескерілуімен де тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда Құрылтайдың маңызы ерекше. Бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық мәселелерін талқылап, түрлі орта өкілдерінің пікірін ортақ алаңда тоғыстыратын маңызды институт. Құрылтай жұмысының ерекшелігі – қоғамда көтеріліп жүрген мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік беруінде. Білім, денсаулық сақтау, еңбек нарығы, жастар саясаты, мәдениет, өңірлердің ...

Читать далее »

«Qazaqstan Barysy – 2026»: Тоқаев жеңімпазға ақ тілегін жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy — 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды. ...

Читать далее »

Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

«Үйден дауыс беруге қалай болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?», «Егер сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, не істеу керек?» деген және басқа да сұрақтарға Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында қолжетімді Sailau AI ЖИ-көмекшінің көмегімен оңай жауап алуға болады. ИИ-көмекші мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы, аптасына 7 күн ақпарат ұсынады. Ол AlemLLM тілдік моделі негізінде әзірленген. ИИ-көмекші Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық ...

Читать далее »

23 тамыз: ел өміріндегі жаңа саяси кезең

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің саяси жүйесіндегі жаңарудың маңызды кезеңі әрі жаңа заң шығарушы органды қалыптастыруға бағытталған тарихи қадам. Құрылтайдың ерекшелігі – оның депутаттарының азаматтардың тікелей дауыс беруі арқылы сайлануында. Әрбір сайлаушы өз таңдауын жасап, алдағы бес жылда елдің заң шығару қызметіне қатысатын өкілдерін анықтайды. Сондықтан сайлау нәтижесі мемлекеттің құқықтық, әлеуметтік және экономикалық даму бағыттарына ...

Читать далее »

Сайлау-2026: Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді

Сайлау күні ел бойынша 100-ден астам учаске таңғы сағат 06:00-де ашылады. Ал басқа дауыс беру орындары сағат 07:00-ден бастап жұмыс істейді. Жалпы республика бойынша 10 мың 423 сайлау учаскесі бар . Сол күні шамамен 600 нысанда дауыс беру уақытынан бұрын аяқталуы мүмкін. Бұл тізімге әскери бөлімдер, ауруханалар, вахталық қалашықтар мен арнайы мекемелер кіреді. Егер аталған жерлерде тізімдегі азаматтардың барлығы түгел ...

Читать далее »

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – ортақ міндет

Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Себебі мұндай құқық бұзушылықтар азаматтардың қауіпсіздігіне ғана емес, қоғамның моральдық-психологиялық ахуалына да әсер етеді. Осыған байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Негізгі мақсат – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру. Менің ойымша, қоғамда өзара құрмет пен адамгершілік құндылықтар нығайған сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық ...

Читать далее »

Қоғам үнін естудің тиімді тетігі – Құрылтай

Қазіргі қоғамда мемлекеттік шешімдердің сапасы азаматтардың пікірін ескерумен тікелей байланысты. Осы ретте Құрылтайдың маңызы артып келеді. Бұл – әртүрлі әлеуметтік топтардың ұсыныстары мен мәселелерін ортақ талқылауға мүмкіндік беретін алаң. Елдегі өзгерістер ең алдымен халықтың тұрмысынан көрінуі тиіс. Табыс көлемін арттыру, сапалы білім мен медициналық қызметке қолжетімділікті кеңейту, жастарға мүмкіндік жасау және өңірлер арасындағы даму айырмашылығын азайту – қоғамның негізгі күткен ...

Читать далее »

Қазақстанда балаларды қорғаудың бірыңғай ведомствоаралық регламенті мен кейс-менеджерлер институты енгізілуде

Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен жәбірлеу деректеріне дер кезінде әрекет етудің бірыңғай ведомствоаралық алгоритмі бекітілді. Аталған бірлескен бұйрық «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында қабылданды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Құжатта алғаш рет полиция, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері мен қорғаншылық органдарының жауапкершілік аясы нақты бөлінген. Енді бала құқығының бұзылуы туралы кез келген ақпарат белгіленген ...

Читать далее »