Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy — 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Маңғыстау облысының балуаны Жантiлек Нұртiлепұлы Qazaqstan Barysy-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарысқа алғаш рет қатысқан.
Жартылай финалда Нұртiлепұлы Қостанай облысының өкілі Алмас Жұмағалиды жеңді. Ал финалда «Қазақстан барысы-2023» жеңімпазы, Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбайдан басым түсті.
Қола жүлдені Шымкенттен келген Нұрсұлтан Қожагелдіұлы иеленді. Ол үшінші орын үшін белдесуде Алмас Жұмағалиды жеңді.
Жеңісі үшін Нұртiлепұлына алтын белбеу мен 15 миллион теңге берілді. Күміс жүлдегер 3,5 миллион теңге, қола жүлдегер 1,5 миллион теңге алды.
➖
Токаев поздравил победителя турнира “Qazaqstan Barysy – 2026“
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил Жантилека Нуртилепулы с убедительной победой на турнире «Qazaqstan Barysy – 2026». Об этом сообщил советник – пресс-секретарь Президента Айбек Смадияров.
«Как отметил Президент, этот успех стал результатом его высокого спортивного мастерства и несгибаемой воли к победе. Глава государства также подчеркнул, что такие престижные состязания способствуют возрождению славных традиций казахского народа и вдохновляют подрастающее поколение заниматься национальными видами спорта», – говорится в сообщении Смадиярова.
Как сообщает столичный акимат, Жантилек Нуртилепулы из Мангистауской области стал победителем «Qazaqstan Barysy-2026». Для него это было первое участие в турнире.
В полуфинале Нуртилепулы победил Алмаса Жумагали из Костанайской области. В финале он одолел Галымжана Кырыкбая из Жамбылской области, победителя «Қазақстан Барысы-2023».
Бронзовым призёром стал Нурсултан Кожагельдиулы из Шымкента, победивший в схватке за третье место Алмаса Жумагали.
За победу Нуртилепулы получил золотой пояс и 15 миллионов тенге. Серебряный призёр получил 3,5 миллиона тенге, бронзовый — 1,5 миллиона тенге.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары