Біздің Қазақстаннан басқа отанымыз жоқ — Xnews — ақпарат агенттігі

Біздің Қазақстаннан басқа отанымыз жоқ

Бүгін республикалық «Әділет» партиясы үгіт-насихат жұмысын ресми түрде тоқтатты. Осыған орай жиын өтті. Қалалық сайлау алды штабтың мүшесі болғандықтан қатыстық.

Тек Шымкенттің өзінде сайлаушылармен алты жүзге жуық кездесу, жүздесу, алқа қотан отырып кеңесу, алдағы бағыттарды айқындауда ойласу болғанын ескерсек, басқа өңірлерде осындай жұмыстар жүргізілгенін аңдауға болады. Әр аймақ өздерінде атқарылған жұмыстар бойынша қысқа есеп берді.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай сөз сөйледі:
«Бүгінде партиямыз түрлі өңір, буын және кәсіп өкілдерін біріктіріп отыр. Партиялық тізімнің өзінде 20-дан астам саланың мамандары бар. Әрқайсысының тәжірибесі, білімі және ел дамуына қатысты өзіндік көзқарасы бар. Ал бәрімізді ортақ құндылықтар – әділеттілік, отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен өрлеу біріктіреді. Бұл – біздің қағидаттарымыз әрі партия саясатының негізі», – деді Айбек Дадебай.

Саяси науқанды қорытындылаған Айбек Дадебай оған атсалысқан барша азаматқа алғыс айтып, негізгі көрсеткіштерді жариялады. Үгіт-насихат жұмыстары басталғалы партия алты миллионнан астам адамды қамтыған 21 мыңнан астам іс-шара өткізіпті. «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені 99 елді мекенге барған. Өңірлердегі үздіксіз жұмысты 247 штаб пен 30 мыңға жуық сенімді өкіл қамтамасыз етті.

Сонымен 23-тамыз сайлау күні. Пәленше партияға дауыс берсең ұшпаққа шығарады деп айтуға болмайды. Әркім жүрегі қалағанына дауыс береді. Ғалымжан Зиябек деген әріптесім бар. «Ордабасы оттары» газетінің директоры, бас редакторы. «Әділет» партиясының аудандық штабының мүшесі осы жазған екі аяғынан сабылып, үгіт-насихат жұмысымен сайлаушылармен кездесуде жүрген. Бір сайлаушы «Әділет» бізге не береді. Ақшалай көмек берер ме екен. Әлде заттай ма? деп сұрапты.

Жазғыру қиын. Бұрын мұндай жағдай болды. Дауыс сатып алу үшін кейбір кәсіпкерлер сайлау пунктері алдында ұн, шай, күріш сияқты азық-түлік тарататын.

Бүгінгі Қазақстан тоқтықтан кекірек атып тұрған жоқ. Рас, көп салада қымбатшылық бар. Дүние жүзін шыр айналдырған инфлиация Қазақстанды айналып кетпейді. Түсінейік. Бұл уақытша жағдай.

Мамандығым журналист болғандықтан Ресей мен Украина арасындағы соғысты басталған күнінен бастап бақылап келемін. Құмарлықтан емес. Өйткені, Ресей генералдарының бірі СВО алдында екі таңдау тұрды дейді. Украина және Қазақстан. «Қазақстанның барлық жері СССР кезінде сыйлыққа берілген» деген шовинистердің, империяшылдардың сөзі жадыларыңызда шығар.

Шақша басым қақпады. Түсінбедім. Бұл мағынасыз соғыс туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевта айтты.

Не болды?! «Киевті екі күнде басып аламыз» деген көршіміз млн.-даған адамын жоғалтты. Укрианада оңған жоқ. Жүздеген қалалары қирап қалды. Сол Ресей бұл күнде бір құты бензинге зар болып отыр. Әлеуметтік желіде бір қалада мусордан алынған азық-түлікке елдің сатып алу үшін кезекке тұрғанын көрсетті. Кешегі түкірігі жерге түспей тұрған мемлекеттің.

Бұл-біз жүретін жол емес. Үлкен ғұламалардан «Мемлекет маған не береді деп емес, мен мемлекетке не беремін деп ойла» деген сөз қалған екен.

Алаштың армандаған тәуелсіздігіне жеттік. Ел аман. Дәулетіне сәулеті сай. Бүгінгі қиындықтар өтеді. Аспанымызды бұлт шалмасын.

Бізге мұхиттың ар жағында отырып алып, дастарханыңды тіліп отыратын Әблязов, Биаштардың майданға шақыруы керек емес. Ел іргесі бүтін болсын. Отанмыз өркендей берсін! Алла ауызбіршілігімізден айырмасын. Сайлауда таңдауыңызды жасаңыз.

Бақтияр ТАЙЖАН,
Қазақстанның құрметті журналисі
Facebook

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Діни сенім бостандығы – өзара құрмет пен толеранттылық негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың маңызды шарттарының бірі – әр адамның ар-ождан бостандығын құрметтеу. Адамның діни сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау ...