«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы Ордабасы ауданында өтті. Отырысқа партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасарлары Қалыйма Жантөреева, Полат Тұрсынбаев Ордабасы және Сауран аудандарының әкімдері, облыстық басқарма басшылары, су саласына жауапты мекеме өкілдері, ...
Читать далее »Ауылшаруашылығы
Кәсіби мереке қарсаңында іс-шара өтті
Мемлекет басшысы 2024 жылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Сонымен қатар маусым айының екінші жексенбісі «Малшылар күні» кәсіби мерекесі болып бекітілді. Осы орайда аудандық Мәдениет үйінде аталған кәсіби мерекеге арналған іс – шара өтіп, оған Сауран, Арыс аудандары мен Кентау қалаларынан арнайы қонақтар қатысты. Шара «Шопандар өмірінен бір сыр…» атты көрініспен басталып, сахна төріне ыстық ықыласын білдіру ...
Читать далее »Олжас Бектенов Иранның ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезельджемен АӨК саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезельдже бастаған делегациямен кездеті, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кездесуге ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және басқа да өкілдер қатысты. Жиында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясы 20-шы отырысының өзара тауар айналымын арттыру бойынша ...
Читать далее »Қазақстан мал шаруашылығында толық өндірістік тізбек қалыптастыруда: шаруашылықтан бастап экспортқа дейін
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мал шаруашылығын кешенді дамытуға арналған кеңес өтті. Жиында жеңілдікпен қаржыландыру, импортты алмастыру және ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Асыл тұқымды мал шаруашылығы: жеңілдетілген несиелер мен жаңа талаптар Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, етті мал шаруашылығында асыл тұқымды түрлендіруді қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жаңа жеңілдетілген несиелік өнімі әзірленді. ...
Читать далее »Су – болашаққа салынған басты инвестиция
Астана экономикалық форумы аясында «Су қауіпсіздігі – Орталық Азияның тұрақты болашағына арналған негізгі инвестиция» тақырыбында сессия өтті. Сессия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Вице-премьер өз сөзінде БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымына форумды ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсеткені және Қазақстанның климаттық сын-қатерлерді еңсерудегі күш-жігерін қолдағаны үшін алғысын білдірді. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, климаттың жылдам өзгеруі жағдайында ...
Читать далее »7 ауданның шаруалары Ордабасыда бас қосты
«Бөген» су қоймасында өткен келелі кеңеске облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты. Биылғы ауа райының қолайсыздығы диқандарға зиянын тигізбес үшін ағын суды пайдалануда ортақ келісім мен тәртіп маңызды. Бүгінгі басқосуға жиналғандар осы мәселе төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Еңбек ардагерлері тәжірибелерімен бөліссе, мамандар шаруаларды бар суды барынша тиімді пайдалануға шақырды. «Бөген» су қоймасы ...
Читать далее »Су үнемдеу – уақыт талабы
Су үнемдеу технологияларын енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес суармалы жерлердің көлемін ұлғайту аясында облыста қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. 2030 жылға қарай өңірде су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биылға 27 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын ...
Читать далее »Еліміздің астық егетін аймақтарына егіс науқанын әдеттегіден ертерек жүргізу ұсынылуда
Еліміздің көптеген өңірінде ыстық әрі құрғақ ауа райы, дегенмен астықты өңірлерде, тау бөктерлері мен оңтүстіктің шеткері аймақтарында жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жақын мөлшерде болады деп болжануда. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Биыл еліміздің көп бөлігінде қыс жылы және қарлы болып, топырақтың жақсы ылғалдануына әсер етті. Еліміздің солтүстігі мен орталығының егіс алқаптарында ...
Читать далее »Биыл елімізде егіс алқабының көлемі 23,7 млн гектарға дейін жеткізіледі
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ол облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, осы жылы жалпы егіс алқабы 23,7 млн гектарды құрайтынан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: нәтижесінде 2 жыл ішінде бидай алқабы 750 мың ...
Читать далее »Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарының барысы және вегетациялық кезеңді өткізу мәселелері қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және вегетациялық кезеңді өткізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады. Ауыл шаруашылығы министрлігі келтірген дерек бойынша, 2025 жылы еліміздегі жалпы егіс алқабы ...
Читать далее »Қазақстанда вегетациялық маусым 20 күн ерте басталды
Қазақстанда вегетациялық маусымның басы әдеттегіден 20 күн ерте басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндады. Оның айтуынша, ол көктемгі ауа райының қалыптан тыс жылы болуына байланысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Министр еліміздегі су ресурстарының ең ірі тұтынушысы – ауыл шаруашылығы саласы екенін атап өтті. Саланың үлесіне жалпы су пайдаланудың 60%-дан астамы тиесілі. Ауыл шаруашылығына жыл сайын ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары