Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді

Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді.

Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды.

Қойылымдардың күні мен уақыты: 26 қазан күні, сағат 15:00-де «Жаңаталап» мәдениет үйі 27 қазан күні, сағат 15:00-де «Шапырашты» мәдениет үйі 29 қазан күні, сағат 15:00-де «Сайрам мәдениет» үйі Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.

x

Check Also

Шымкентте Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті

«Біртұтас ел-біртұтас жер» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл, Кеңес Одағының батыры, қазақ халқының қаһарман қызы, сұлулық пен ...

Шымкент: Азаматтардың көтерген өзекті мәселелері бақылауға алынады

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың кезекті жеке қабылдауы барысында 25 азаматтың денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және ...