Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Білім бәсекесінде Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте Гран-при жүлдесін иеленді.
Республикалық білім додасында өңір намысын қорғаған 30 оқушының 20-сы жүлдегер атанды. Оның ішінде 6 оқушы І орын, 8 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар екі оқушы мақтау қағазымен марапатталды.
І орын иегерлері:
1. Жәнібекқызы Дарина – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
2. Касимова Адия – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
3. Балтабай Марлен – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
4. Абдугафуров Нұрдәулет – Сауран ауданы, 11-сынып.
5. Нурханова Мазмуна – Сауран ауданы, 10-сынып.
6. Тайыр Кәусар – Отырар ауданы, 10-сынып.
ІІ орын иегерлері:
1. Ахмедов Лазизбек – Сайрам ауданы, 11-сынып.
2. Улугбекова Чарос – Сайрам ауданы, 11-сынып.
3. Кемелхан Нұрасыл – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
4. Ким Эвелина – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
5. Хикматуллаева Сабина – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
6. Мубашарова Шахзода – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
7. Шахапова Шахзода – Кентау қаласы, 10-сынып.
8. Тажибай Арай – Жетісай ауданы, 10-сынып.
ІІІ орын иегерлері:
1. Темирхан Айзере – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
2. Қазбеков Қуаныш – Сауран ауданы, 11-сынып.
3. Жақсылық Інжу – Шардара ауданы, 10-сынып.
4. Пайзхан Мәдина – Жетісай ауданы, 11-сынып.
5. Құрбанәлі Аяжан – Отырар ауданы, 10-сынып.
6. Нұрбекқызы Жанерке – Созақ ауданы, 10-сынып.
Республикалық олимпиададағы бұл жарқын жетістік – оқушылардың табанды ізденісі мен білімге деген құштарлығының, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жетекшілердің жүйелі жұмысының, ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары