Барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді — Xnews — ақпарат агенттігі

Барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді

Осы жерде тағы бір өзекті мәселеге тоқталып өткен жөн деп санаймын. Бұл – тілдегі бірізділік мәселесі. Өкінішке қарай, қазір қазақ тіліндегі кейбір сөздер, ұғымдар, тіпті, түсініктер әртүрлі қолданылып жүр.

Бұл – жылы жауып қоя салатын жеңіл-желпі дүние емес. Себебі, мұндай жағдай жұртты шатастырып, тіл тазалығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, қазақ тілін қолдану ісінде нақты жүйенің, белгілі бір тәртіптің болуына баса мән берген жөн. Жалпы осы мәселеге кең ауқымда қараған дұрыс.

Ең алдымен, емле мен ережені түгендеп, жүйелеу керек.

Бұған қоса, барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді.

Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен ресми түрде бекітілген Қазақ тілінің Орфография сөздігі

Кеңес заманында, яғни 1983 (мың тоғыз жүз сексен үшінші) жылы шыққан. Әрине, одан кейін де бірнеше сөздік жарық көрді.

Алайда, олардың ешқайсысы мемлекеттік деңгейде бекітілмеген, заңды күші жоқ.

➖

Пришло время обновить все словари, включая орфографический

На данном этапе считаю необходимым затронуть еще один важный вопрос — проблему единообразия в языке. К сожалению, в настоящее время некоторые слова, понятия и даже отдельные категории в казахском языке используются непоследовательно. Это вовсе не пустяк, который можно просто игнорировать: подобная разнобойность сбивает людей с толку и негативно сказывается на чистоте языка. Поэтому крайне важно уделить особое внимание созданию четкой системы и установлению определенного порядка использования казахского языка. В целом, к решению этой задачи следует подойти более комплексно.

Прежде всего, необходимо пересмотреть и систематизировать правила орфографии и языкового употребления.

Более того, пришло время обновить все словари, в том числе орфографический.

Орфографический словарь казахского языка был официально утвержден постановлением Президиума Верховного Совета.

Он был издан в советское время — а именно в 1983 году. Разумеется, с тех пор вышло в свет немало других словарей.

Однако ни один из них не был утвержден на государственном уровне, а следовательно, они не имеют юридического статуса.

x

Check Also

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзі

Қадірлі қауым! Құрметті достар! Баршаңызбен бірге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында бас қосып отырғанымызға ризамын. Бүгінгі жиынның мән-мағынасы ерекше. ...

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, қоғамдағы қолданыс аясы мен болашағы туралы пікір білдіріп, ана тіліміздің ел бірлігін ...