Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Қазіргі таңда тіліміздің келешегіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп анық айтуға болады.

Бүгінде қазақ тілі озық технологиялар саласына кең ауқымда еніп, заман талабына сай дамып келе жатыр.

Жалпы, соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдардың қатары көбейіп жатыр. Оларға барынша жағдай жасау – біздің азаматтық парызымыз. Қазақ тілін дамыту – Еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес. Басқаша айтқанда, ана тілімізді басқа тілдерге қарсы қоюға мүлдем болмайды. Тілдерді пайдаланып, қоғамдық жанталас, жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істермен айналысып жүр.

Осы жерде тағы да қайталап айтқым келеді: кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей. Бір Тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә. Оның салдарын өз көзімізбен көріп жатырмыз. Біз қазақ тілін ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дамытуымыз керек.

Ана тіліміз жаһан жұртшылығына тартымды тіл болуы керек. Біртұтас халқымызды бөліп-жаруға мүлдем болмайды. Өз тұтастығын сақтай алмаған халық басқаларға үлгі-өнеге көрсете алмайды, басқа Елдердің құрметіне ешқашан ие болмайды.

➖

Развитие казахского языка не препятствует развитию других языков в нашей стране

Можно с уверенностью утверждать, что в настоящее время будущему нашего языка совершенно ничего не угрожает.

Сегодня казахский язык активно внедряется в сферу передовых технологий и развивается в соответствии с требованиями современной эпохи.

В последние годы число людей, желающих изучать государственный язык, в целом растет. Наш гражданский долг — обеспечить им наилучшие условия для этого. Развитие казахского языка вовсе не препятствует развитию других языков в нашей стране. Иными словами, наш родной язык ни в коем случае нельзя противопоставлять другим языкам. Провокаторы, которые пытаются разжечь общественные беспорядки или конфликты, спекулируя на языковых вопросах, занимаются крайне опасной деятельностью.

Хочу еще раз подчеркнуть: выступать против какого-либо языка — все равно что противиться благу, дарованному человечеству Творцом. Нельзя противопоставлять один язык другому; подобное — тяжкий грех. Мы воочию видим последствия этого. Прежде всего, мы должны развивать казахский язык как язык единства и гармонии.

Наш родной язык должен стать привлекательным для мирового сообщества. Мы ни в коем случае не должны допустить раскола внутри нашего единого народа. Народ, не сумевший сохранить свою целостность, не может служить примером для других и никогда не заслужит уважения иных наций.

x

Check Also

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзі

Қадірлі қауым! Құрметті достар! Баршаңызбен бірге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында бас қосып отырғанымызға ризамын. Бүгінгі жиынның мән-мағынасы ерекше. ...

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, қоғамдағы қолданыс аясы мен болашағы туралы пікір білдіріп, ана тіліміздің ел бірлігін ...