Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты ашылды

Түркістанда балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына және футболдан кәсіби шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беретін Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық маслихат төрағасы Нұралы Әбішев, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, спорт саласының ардагерлері, ұстаздар мен жаттықтырушылар, ата-аналар, жас спортшылар және қала тұрғындары қатысты.

Жаңа нысан Мемлекет басшысының балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жастарды бұқаралық спортқа кеңінен тарту және спорт инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында облыс әкімінің тапсырмасымен, жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен бой көтерді.

Футбол мектеп-интернаты 470 оқушыға арналған. Сонымен қатар нысан құрамында 170 орындық жатақхана бар. Мұнда жас спортшылардың білім алуына, тұрақты жаттығуына және тұруына қажетті жағдай жасалған.

Жаңа спорттық-білім беру нысаны балалар футболын жүйелі дамытуға, жас спортшылардың қабілетін ерте жастан анықтап, кәсіби деңгейде шыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тәрбиеленушілердің оқу мен спортты қатар алып жүруіне жағдай жасалып отыр.

Футбол мектеп-интернатының іске қосылуы Түркістандағы спорт инфрақұрылымын одан әрі кеңейтіп, балалар мен жасөспірімдер арасында футболдың бұқаралық және кәсіби бағытта дамуына серпін береді.

Жаңа спорт мектебіне қазақ спортының тарихында өшпес із қалдырған, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың есімі берілді. Оның жеңіске деген жігері, табандылығы мен елге деген сүйіспеншілігі жас спортшыларға үлгі болмақ.

«Түркістан тарихы мен руханиятымен ғана емес, спорттағы жетістіктерімен де танылатын қалаға айналуы керек. Біздің міндетіміз – балалардың спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың арасынан болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге қажетті ортаны қалыптастыру»,- деп жазды Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.

x

Check Also

“Казахстан может догнать Европу“: тренер сборной высказался о стадионах

Новый главный тренер сборной Казахстана по футболу Джон ван ’т Шкип из Нидерландов оценил инфраструктуру в стране, передаёт Tengri Sport ...

Стенд атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкентте стенд атудан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің жеті өңірінен 120-дан астам спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында әлем және Азия ...