Шымкентте «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Құрметті қала тұрғындары!

2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

«Қауіпсіз үй» – әр отбасының тыныштығы мен амандығына бағытталған маңызды бастама.
Басты ұстанымымыз: қауіпсіз ұя – бақытты өмірдің кепілі.
Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Бір-бірімізге жанашыр болып, қорғап жүрейік!

Іс-шараға құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысады.

Негізгі мақсаттары:
* Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
* Қауіп тобына жататын отбасыларды анықтау және қолдау
* Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету

Барша азаматтарды заң талаптарын құрметтеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам тыныштығын сақтауға шақырамыз!

#заңментәртіп #шымкент #абайауданы #қауіпсізүй #зорлықзомбылыққажолжоқ

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...