Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету — Xnews — ақпарат агенттігі

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Шымкент қаласының мемлекеттік органдарының өкілдерімен Кеңес өткізді.

Жиында Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Берік Әшірбеков қаланың саяси науқанға дайындық барысын баяндады.

– Қазіргі таңда Шымкенттегі сайлаушылар саны 713 491 адамды құрап отыр. Өткен сайлау науқанымен салыстырғанда сайлаушылар саны 2,6 пайызға артты. Бұл белсенді сайлау құқығына ие азаматтар санының табиғи өсуін және қаланың даму серпінін көрсетеді. Сайлауға дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Дауыс беру күні – 23 тамызда Шымкентте 365 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қала тұрғындары дәл осы учаскелерде өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатыса алады, — деді Б.Әшірбеков.

Қазіргі таңда барлық күш сайлауды заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте өткізу, яғни, сайлау учаскелерін дайындау, сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, сайлаушылар тізімін қалыптастыру және азаматтардың барлық санаттары үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Басқосуда Нұрлан Мәжитұлы Құрылтай сайлауы еліміздің болашағы үшін өте маңызды саяси науқан екенін атап өтті. Азаматтардың сайлауға белсенді түрде қатысуына қолайлы жағдай жасау мен дауыс берудің заң талаптарына сәйкес ашық әрі әділетті өтуін қамтамасыз ету сайлау комиссиялары мен жергілікті биліктің және құқық қорғау органдарының ортақ міндеті екенін айтып, осы мақсатта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

ОСК төрағасы комиссия мүшелерінің өзі құқықтық тұрғыда сауатты болып, заң мен тәртіп қағидаты аясында жұмыс істеуі керек екенін айтты.

Қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов дауыс беру күні қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті.

Сондай -ақ, қалалық прокуратура аға көмекшісі Н.Базарбаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Өтебаева, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Құнанбаев өз өкілеттіліктері бойынша сайлауға дайындық мәселелері туралы тиісті ақпарат берді.

«Шымкент келбеті»

x

Check Also

Бронза с мирового ковра

Шымкентский борец Мардан Орынбасар стал бронзовым призером чемпионата мира по видам борьбы среди юношей до 17 лет (U17), который прошел ...

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...