© inbusiness.kz

Жемқорлық фактісі туралы хабарлағандарға 1,5 млн теңге берілді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев айтты.

«Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған белсенді азаматтық ұстанымы бар ел тұрғындарын ынталандыру қарастырылған. Айталық, 2019 жылы сотта қаралған қылмыстық істер бойынша 9 азаматқа 126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін, жалпы 1,5 млн теңгеге жуық сыйақы берілді», – деді ол. Сонымен қатар агенттік қызметкерлерінің үстінен де шағым түсетінін, оларды өзіндік қауіпсіздік қызметі тыңғылықты тексеретінін жеткізді. Департамент басшысының дерегінше, Call-орталыққа келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі Түркістан облысынан. Бұл өңірден өткен жылы 148 шағым түскен. Одан кейін Алматы облысы (137) мен Алматы қаласынан да (112) шағым жиі түседі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. ...

Промежуточные итоги запуска таможенной информационной системы «Keden»

Комитет государственных доходов МФ РК продолжает поэтапное внедрение информационной системы «Keden», направленной на цифровизацию и оптимизацию таможенных процедур. Система призвана ...