«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан ұсынылған 67 жобаның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған.

Олардың бірі — Маңғыстау облысындағы «Пакетная фабрика» ЖШС компаниясының жобасы. Компанияға 585 миллион теңге көлемінде қаржыландыру қолдау көрсетілді. Бұл жоба «Жасыл даму» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бірлесе отырып, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін арттыруға бағытталған.

«Пакетная фабрика» ЖШС жобасы қағазды қайта өңдеуді дамыту және жылына 3 мың тонна қағаз өңдеу қуатымен экологиялық таза қаптама өндіруге бағытталған.

Бұл жоба Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосады. 2030 жылға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің деңгейін 40%-ға, 2050 жылға дейін 50%-ға жеткізу жоспарлануда.

Министрлік «Жасыл даму» АҚ арқылы мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындардың қызметін әрі қарай жариялап отыратын болады.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...