© inbusiness.kz

Жемқорлық фактісі туралы хабарлағандарға 1,5 млн теңге берілді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев айтты.

«Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған белсенді азаматтық ұстанымы бар ел тұрғындарын ынталандыру қарастырылған. Айталық, 2019 жылы сотта қаралған қылмыстық істер бойынша 9 азаматқа 126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін, жалпы 1,5 млн теңгеге жуық сыйақы берілді», – деді ол. Сонымен қатар агенттік қызметкерлерінің үстінен де шағым түсетінін, оларды өзіндік қауіпсіздік қызметі тыңғылықты тексеретінін жеткізді. Департамент басшысының дерегінше, Call-орталыққа келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі Түркістан облысынан. Бұл өңірден өткен жылы 148 шағым түскен. Одан кейін Алматы облысы (137) мен Алматы қаласынан да (112) шағым жиі түседі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысына 7 жыл: Өңірдегі индустриалды аймақтар мен өндірістік парктердің жұмысы жандана түсті

Түркістан облысында өңір экономикасын дамытудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетігі саналатын өнеркәсіп саласына басымдық берліген. Осы мақсатта шет мемлекеттерден инвестиция ...

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсті

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды. Облыс орталығы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы қабылданған заң өңірдің әлеуметтік-экономикалық ...