«Канело» Ковалевті нокаутпен жеңді

– Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) ауыр нокаутқа жіберіп, төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Боксшылар жартылай ауыр салмақ санатында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігіне таласқан жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) MGM Grand аренасында болды. «Канело» 11-раундта Ковалевті ауыр нокаутқа түсіріп, WBO белдігін тартып алды. Альварес кәсіпқой мансабындағы 53-жеңісіне қол жеткізді, ал Ковалев төртінші рет жеңілді. Мексикалық боксшы осымен төртінші салмақ санатында әлем чемпионы болып отыр. 29 жастағы боксшы бұған дейін бірінші орта, орта және суперорта салмақ санаттарында чемпион болған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Спортсмены завоевали 14 золотых медалей на Кубоке Азии по ашихара-карате в Ташкенте

На Кубоке Азии по ашихара-карате, проходившем в Ташкенте, спортсмены из Актау завоевали 14 золотых и две серебряные медали. Об этом ...

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, ...