«Канело» Ковалевті нокаутпен жеңді

– Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) ауыр нокаутқа жіберіп, төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Боксшылар жартылай ауыр салмақ санатында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігіне таласқан жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) MGM Grand аренасында болды. «Канело» 11-раундта Ковалевті ауыр нокаутқа түсіріп, WBO белдігін тартып алды. Альварес кәсіпқой мансабындағы 53-жеңісіне қол жеткізді, ал Ковалев төртінші рет жеңілді. Мексикалық боксшы осымен төртінші салмақ санатында әлем чемпионы болып отыр. 29 жастағы боксшы бұған дейін бірінші орта, орта және суперорта салмақ санаттарында чемпион болған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Республикалық додадан Шымкент спортшылары үш жүлде жеңіп алды

Елімізде биыл спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтуде. Таяуда Қостанайда екі күнге созылған дзюдодан VI жастар спорт ...

Түркістанда VI жастар спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатыр. ...