Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленіп, мансабындағы ең үздік маусымын өткізе білді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленіп, мансабындағы ең үздік маусымын өткізе білді. 

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Әлем кубогының ортасынан басып қатысса да, 1 алтын, 2 қола нәтижесімен жанкүйерлерін қуанта білді. Дмитрий Патанин, Зейнолла Ыдырысов, Алтынхан Темірбек те жүлде алып, резервтің мықты екендігін дәлелдей білді.

Кейінгі жылдағы көрсеткіштеріміз:
2025 жыл– 7 алтын, 4 күміс, 4 қола
2024 жыл – 2 алтын, 2 қола
2023 жыл — 3 алтын, 1 қола
2022 жыл – 2 алтын, 2 күміс
2021 жыл – 1 күміс, 1 қола
2020 жыл — 1 күміс, 2 қола
2018 жыл – 1 алтын
2017 жыл – 1 күміс

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...