Түркістанның тарихы туралы үш тілде жарық көрген кітап оқырманға жол тартты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанның тарихы туралы үш тілде жарық көрген кітап оқырманға жол тартты

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы аясында «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты бірегей кітап-альбомның тұсаукесері өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Алматыкітап баспасы» жарыққа шығарған басылымның авторы – тарихшы, зерттеуші Саттар Мәжитов. Кітап үш тілде әзірленген.

Аталған іс-шараға ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, басылымның тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы маңызына тоқталды.

Кітап – «Алматыкітап баспасы» төрағасы Элеонора Баталованың бастамасымен жарық көрген. Төрт жыл бойы дайындалған басылымға Түркістан тарихына қатысты сирек фотосуреттер, архивтік құжаттар, тарихи материалдар мен көпшілік біле бермейтін деректер енгізілген. Кітап бұған дейін Бейжің, Гуанчжоу және Франкфурт қалаларындағы халықаралық кітап көрмелерінде, сондай-ақ Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Алтын Орда тарихына арналған конференцияда таныстырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

➖

Книга об истории Туркестана на трех языках вышла в свет

В Доме дружбы города Туркестана в рамках международного симпозиума «Диалог культур-2026» состоялась презентация уникального книжного альбома «Вечный и всегда новый Туркестан». Издание, выпущенное издательством «Алматыкітап» в рамках проекта «Читающая нация», реализуемого по инициативе Главы государства, подготовлено на трех языках. Автор – историк, исследователь Саттар Мажитов.

В мероприятии приняли участие вице-министр туризма и спорта РК Мирас Тулебаев и заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев, которые отметили значение издания в продвижении историко-культурного наследия.

Книга выпущена по инициативе председателя «Алматыкітап» Элеоноры Баталовой. В издание, готовившееся четыре года, вошли редкие фотографии, архивные документы, исторические материалы и малоизвестные факты, связанные с историей Туркестана. Книга ранее была представлена на международных книжных выставках в Пекине, Гуанчжоу и Франкфурте, а также в Астане на конференции, посвященной истории Золотой Орды, с участием Главы государства.

Пресс-служба акима Туркестанской области

x

Check Also

Түркістан қысқы мезгілде елдің жылыжай көкөнісіне деген сұранысының 63 пайызын қамтамасыз етеді

«AGROFEST TURKISTAN – 2026» фестивалінде Түркістан облысының жылыжай шаруашылығындағы әлеуеті мен өндірістік көрсеткіштері таныстырылды. Өңір еліміздегі маусымаралық кезеңде жылыжайда өсірілген ...

Түркістанда 164 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

«AGROFEST TURKISTAN – 2026» фестивалінде Түркістан облысының су ресурстарын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу және су инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы ...