Түркістанда Конституция аллеясының іргетасы қаланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Конституция аллеясының іргетасы қаланды

Қазақ мемлекеттілігінің тарихында айрықша орны бар Түркістанда Конституция аллеясы бой көтермек.

Бүгін Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы өтіп жатқан тұста Конституция аллеясының капсуласы қаланды.

«Астана» саябағындағы Мемлекеттік рәміздер алаңы жобасымен жалғасып жатқан Конституция аллеяның іргетасын қалауға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова, облыс әкімі Нұралхан Көшеров және шетелдік делегация өкілдері қатысты.

Эльвира Азимова бастаманың Тәуелсіздік тарихына, конституциялық құндылықтарға деген құрметтің және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің белгісі екенін атап өтті.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Тәуелсіздікті сақтау, нығайту және келешек ұрпаққа жеткізу баршамызға ортақ міндет екенін жеткізді.

Кезінде хандар ел тағдырын таразылап, билер әділдік пен ел бірлігін ту еткен Түркістанда Конституция аллеясының салынуының тарихи әрі рухани мәні терең.

x

Check Also

Сайлауға қатысу қазақстандықтарға өңір, аудан және қала мәселелерін шешуге ықпал етуге мүмкіндік береді

Сайлау билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Мәслихаттар жергілікті бюджеттерді бекітіп, өңірлердің дамуын бақылайды. Депутаттардың жауапкершілігін арттыру мәслихаттардың кәсібилігі мен ...

Подготовка к выборам идет в строгом соответствии с законодательством

Ключевая задача избирательной кампании состоит в том, чтобы провести ее строго на основе принципа «Закон и Порядок». Центральная избирательная комиссия ...