Қазақстандағы сиыр еті экспортының 80 пайызы Түркістан облысының үлесінде — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстандағы сиыр еті экспортының 80 пайызы Түркістан облысының үлесінде

«AGROFEST TURKISTAN – 2026» фестивалінде Түркістан облысының мал шаруашылығындағы әлеуеті, ет өндірісі мен экспорттық көрсеткіштері таныстырылды. Өңір республикадағы ірі қара малдың 13 пайызын, қой мен ешкінің 20 пайызын, жылқының 10 пайызын және түйенің 14 пайызын құрайды.

Қазақстаннан экспортталатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы Түркістан облысына тиесілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту, мал шаруашылығын дамыту және өнім экспортын арттыру міндеттерін алға қойған. Осы бағытта облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірде ет кластерін қалыптастыруға, мал басын көбейтуге, бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындарын дамытуға басымдық беріп келеді.

Биылғы 10 айда сыртқы нарықтарға 35,5 мың тонна сиыр еті және 25,2 мың тонна қой еті жөнелтілді.

Қазіргі уақытта өңірде жалпы құны 54,1 млрд теңгені құрайтын сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың нәтижесінде 788 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобалар толық іске қосылғанда жылына 18 мың тонна ет өндіру және 90 мың тонна ет өңдеу қуаты қалыптасады.

Ет кластерін дамытумен қатар, мал сою және ет өңдеу кезінде пайда болатын қалдықтарды кәдеге жаратуға да көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Ордабасы ауданында «HUATING BIOTECHNOLOGY Co., LTD» кәсіпорны іске қосылды. Құны 9 млрд теңге болатын зауыт жылына 5 мың тонна пептон өнімдерін өндіруге қауқарлы. Алдағы уақытта өнімді Қытай нарығына экспорттау жоспарланған.

x

Check Also

Туркестан: Рекорд, умноженный трудом

556 тысяч тонн хлопка, 592 млн долларов США экспорта, сельскохозяйственная продукция на 1 трлн 252 млрд тенге. Это аграрные достижения ...

Түркістан қысқы мезгілде елдің жылыжай көкөнісіне деген сұранысының 63 пайызын қамтамасыз етеді

«AGROFEST TURKISTAN – 2026» фестивалінде Түркістан облысының жылыжай шаруашылығындағы әлеуеті мен өндірістік көрсеткіштері таныстырылды. Өңір еліміздегі маусымаралық кезеңде жылыжайда өсірілген ...