Малдың теміржолға шығуына жол бермеңіздер! — Xnews — ақпарат агенттігі

Малдың теміржолға шығуына жол бермеңіздер!

Ауыл шаруашылығы малдарының теміржол жолдарына шығуы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл малдың қырылуына, пойыздардың шұғыл тежелуіне және қозғалыс кестесінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 1-бөлігіне сәйкес, теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю үшін 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерін құрайды.

Арыс жол дистанциясы (ПЧ-54) мүдделі қызметтермен бірлесіп, тұрғындар мен мал иелері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Құрметті мал иелері! Малдарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар, қауіпсіз жайылымды ұйымдастырыңыздар және теміржол жолдарын тек белгіленген орындарда кесіп өтіңіздер.

Теміржолдағы қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!

x

Check Also

«Назар аударыңыз, теміржол өткелі!» профилактикалық айлығы

2026 жылғы 28 қазан мен 27 қараша аралығында теміржол өткелдерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ...

В Туркестане награждены победители проекта «Сақшы»

В комплексе «Конгресс-холл» города Туркестана состоялась итоговая церемония награждения победителей интерактивной игры «Сақшы» и конкурса социальных видеороликов. По четырем категориям ...