Көкпар көрігі қызған Шымкент — Xnews — ақпарат агенттігі

Көкпар көрігі қызған Шымкент

Шымкентте ұлттық спорттың мерейін асқақтатқан дүбірлі дода. Қалада белгілі азамат Шәмшидин Жарқынбекұлының 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық көкпар турнирі өтіп жатыр. Еліміздің әр өңірінен жиналған шабандоздар командалық бәсекеде бақ сынауда. Толығырақ тілші тарқатады.

Ат үстіндегі айқас, тартысты тартыс, жеңіске деген жігер. Республикалық турнирге еліміздің бірнеше өңірінен келген көкпар командалары қатысуда. Басты мақсат — ұлттық ат спортының мәртебесін көтеріп, көкпар дәстүрін кеңінен дәріптеу және жас ұрпақтың ұлттық ойынға қызығушылығын арттыру.

Жұлдызхан Тайырбеков, көкпардан Шымкент қаласының бас бапкері:
— Командалық жарыс өте керемет өтуде. Келген командаларға сәттілік Біраз облыстан командалар келмей қалды Жетісудан бір команда келді. Шымкенттен бір команда қойдық.

Екі күнге жоспарланған жарыста командалар өзара мықтыны анықтайды. Турнирді тамашалауға мерейтой иесінің шәкірттері де келді. Олар ұлағатты ұстаздың ұлттық спортты дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті.

Болат Қырықбаев, Шәмшидин Жарқынбекұлының шәкірті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы:
— Қазір білесіздер ұлттық ойындар олимпиядалық сполртқа теңестірілген. Командалық көкпардың дәрежесін көтеру керекпіз. Шәмші ағамыздың өзі көкпарды жақсы көретін. Осындай турнир дәстүрлі жарысқа айналып отыр.

Жеңімпаздарды қомақты жүлде қоры күтіп тұр. Бас жүлдеге 5 миллион теңге тігілген. Екінші орын иегерлері 2 миллион 500 мың теңге, ал үшінші орын алған команда 1 миллион теңге иеленеді. Бұдан бөлек, үздік шабандоздарға арнайы номинациялар бойынша қаржылай сыйақы қарастырылған.

➖

Республиканский турнир по кокпару

В Шымкенте проходит масштабный турнир, посвящённый одному из самых зрелищных национальных видов спорта. Соревнования по кокпару приурочены к 75-летию известного общественного деятеля Шамшидина Жаркынбекулы. За победу борются команды из разных регионов страны. Подробности — в нашем следующем материале.

Стремительная борьба верхом, азарт и воля к победе. В республиканском турнире участвуют команды по кокпару из нескольких регионов Казахстана. Главная цель соревнований — повысить статус национального конного спорта, популяризировать традиции кокпара и пробудить у молодёжи интерес к национальным играм.

Жулдызхан Тайырбеков, главный тренер сборной Шымкента по кокпару:
— Соревнования проходят очень интересно. Желаю всем приехавшим командам удачи. К сожалению, некоторые области не смогли выставить свои команды. От Жетысу приехала одна команда, ещё одну представляем мы — от Шымкента.

Турнир продлится два дня. За это время команды определят сильнейших. Среди зрителей — и воспитанники юбиляра. Они отметили большой вклад своего наставника в развитие национального спорта.

Болат Кырыкбаев, воспитанник Шамшидина Жаркынбекулы, заслуженный тренер РК:
— Сегодня национальные виды спорта уже приравниваются к олимпийским дисциплинам. Нам необходимо повышать статус командного кокпара. Шамши ага и сам очень любил эту игру. Такие турниры становятся доброй традицией.

Победителей ждёт солидный призовой фонд. За первое место предусмотрено 5 миллионов тенге, за второе — 2 миллиона 500 тысяч, за третье — 1 миллион тенге. Кроме того, лучших наездников отметят денежными премиями в специальных номинациях.

© «Ońtústik» телеарнасы

x

Check Also

Диалог кочевого наследия и цифровых технологий: В Шымкенте открылась выставка SHE RUG 02

В Шымкенте открылась выставка современного искусства SHE RUG 02 — ALONE TOGETHER, объединившая традиционное казахское ковроткачество, текстиль, инсталляции и видеоарт. ...

Брюссельдегі әйгілі ратушада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы тойланды!

Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Брюссель қаласының жүрегінде, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген, XIV ғасырда салынған ең көрікті әрі тарихи ...