Шымкент: Еңбекші ауданында негізгі даму көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Еңбекші ауданында негізгі даму көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде

2025 жылы Еңбекші ауданында жүйелі даму жолы жалғасып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар іске асырылуда. Ауданның инженерлік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңарып, негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Бүгінде аудан аумағы ауыз сумен – 97%, электр жарығымен – 99,8%, табиғи газбен – 92,4%, асфальт жолмен – 79,8% қамтылған. 2025 жылы ауыз су, электр және газ желілерін кеңейту мен жаңғырту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып, жаңа құрылыстар орналасқан аумақтар кезең-кезеңімен инженерлік жүйелерге қосылды.

Жол инфрақұрылымы да назардан тыс қалған жоқ. Өткен жылы 72 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқ жолдар салынды. Көше жарықтандыру бағытында жүздеген көшеде жаңа жарықшамдар орнатылып, аудан келбеті айқын әрі қауіпсіз бола түсті. Су басу қаупінің алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салынып, проблемалы нүктелер нақты шешімін табуда.

Абаттандыру, спорт және демалыс кеңістіктерін дамыту да басты басымдықтардың қатарында. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулалар жаңарып, балалар ойын және спорт алаңшалары көбейіп келеді. Гүлзарлар салынып, көшелердің атау тақтайшалары жаңартылуда.

Еңбекші ауданы үшін 2025 жыл – жоспарлы жұмыстың, нақты нәтижелердің және тұрғындар игілігіне бағытталған тұрақты дамудың жылы.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...