Шымкент қаласындағы азаматтық қоғам институттарының дамуына арналған XII өңірлік азаматтық форум өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласындағы азаматтық қоғам институттарының дамуына арналған XII өңірлік азаматтық форум өтті

2025 жылғы 15 шілдеде Шымкент қаласындағы Qyzgaldaq сарайында «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында өңірлік деңгейдегі кең ауқымды форум өтті. Іс-шара Қазақстанның XII Азаматтық форумына дайындық шеңберінде ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің басты мақсаты — азаматтық қоғам мен мемлекеттік сектор арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, серіктестікті дамыту және қоғамдық бастамаларды қолдау. Шараны Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырды.

Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдерімен қатар, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлік сектор және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар азаматтық сектордың қаланың тұрақты дамуына қосатын үлесін, ҮЕҰ қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласу мүмкіндіктерін талқылады.

Биылғы бағдарламаның құрылымы кеңейтіліп, бірнеше панельдік отырыстар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Оларда әлеуметтік әріптестікті дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ашықтығы, жастар ресурстық орталықтарының әлеуетін арттыру, цифрландыру үдерістері мен қоғамдық бақылау тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, табысты жобалар таныстырылып, «ҮЕҰ өмірі — бір сәт бейнеде» атты фотокөрме көрермен назарына ұсынылды.

Екі жылда бір рет өтетін бұл өңірлік кездесу азаматтық қоғамның қазіргі даму деңгейін саралауға және болашақтағы негізгі бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының өңірлік деңгейде іске асырылу барысына ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушылар іс-шараға белсене қатысқан барлық тараптарға алғыс білдіріп, азаматтық белсенділік пен қоғамдық қызметтің ел дамуына қосар үлесін ерекше атап өтті. Шара қорытындысы Шымкент қаласының инклюзивті әрі тұрақты дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Шымкенте прошла акция «Таза аула»: участие приняли более 55 тысяч человек

18 апреля 2026 года в городе Шымкент в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» прошёл масштабный общегородской день чистоты. Акция ...

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...