Қарағанды облысының тұрғындары «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясын белсенді қолдауда

Бүгін Қарағанды облысының тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жолы» республикалық онлайн-акциясына белсене қатысуда.

Акцияға жастар, ардагерлер мен өңірдің тұрғындары белсенді қосылуда. Қатысушылар әлеуметтік желілерде еліміздің қаһармандық өткеніне байланысты маңызды нысандар — ескерткіштер, мемориалдар, мұражайлар сияқты естелік орындардан фотосуреттер мен бейнематериалдарды жариялап жатыр.

Облыстағы акцияның бастамасын Саран қаласының ардагерлері көтеріп, тарихи жадты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Акцияға алғашқылардың бірі болып қатысқан Саран қаласының тұрғыны Марина Александровна Гофман Жеңістің 40 жылдығына орнатылған Стеланың артында орналасқан Мемориалдық қабырға туралы әңгімелеп, бұл мемориал соғыс жылдары Отан алдындағы борышын өтеген сарандық ардагерлер мен алғашқы құрылысшылардың құрметіне арналғанын атап өтті. Қабырғада Саран қаласында тұрған 1619 Ұлы Отан соғысына қатысушының есімі ойылып жазылған.

Акцияның ерекше бөлігіне айналған — Тамара Александровна Кучеренко, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ардагері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккері, ақын және Саран қаласының тұрғыны. Ол Жеңістің 40 жылдығына орай орнатылған Жеңіс Стеласының жанында жерлестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сөз барысында Тамара Александровна баршаға бейбіт өмір мен татулық тіледі, сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен қазақстандықтардың Жеңіске жетудегі үлесін ерекше атап өтті. Соңында халықтың ерлігіне арналған өзінің авторлық өлеңін оқып берді.

Акцияны Балқаш қалалық мұражайы да қолдап, 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза тапқан балқаштықтарға арналған монументке арналған бейнеролик жариялады.

1970 жылы орнатылған бұл ескерткіш — қаланың маңызды мемориалдық нысандарының бірі.

Қалалық мұражайдың директоры Мадина Абилханова:

– Балқаш қаласында, жағалауда орналасқан бұл монумент – тек маңызды ескерткіш қана емес, сонымен қатар Отан үшін өмірін қиғандарға деген алғыс пен мәңгілік естеліктің символы. Ол – қазіргі және болашақ ұрпақты біріктіретін, соғыс кезіндегі ерлік пен жанқиярлықты еске түсіретін тарихи-мәдени нысан.

Тағы бір қатысушы – Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Санаубаев. Ол акция аясында Қазақстан Тәуелсіздігі жылдарында орнатылған маңызды ескерткіш — Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраевтың бюсті туралы айтып берді. Ескерткіш 2018 жылы Қарағанды қаласында ашылған.

Серік Санаубаев бұл ескерткішті Отанды қорғауға аттанған қазақстандықтардың ерлігіне деген құрмет пен тарихи жадты сақтау символы ретінде атап өтті.

Оның айтуынша, бұл монумент бүгінде патриоттық тәрбие беретін маңызды орынға айналған. Мұнда қала тұрғындары гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етіп, жас ұрпаққа Жеңістің қандай құрбандықпен келгенін еске салады.

Бұл естелік орындар – қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігі мен жанқиярлығының айғағы. Акция аясында олар тұрғындарды ортақ тарихи жады төңірегіне біріктіретін рухани орталықтарға айналуда.

Қарағанды облысының әкімдігі

x

Check Also

Отан қорғаушы күніне орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері марапатталды

Отан қорғаушы күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беретін 40 мұғалімді ведомстволық ...

Адаптация к изменению климата, усиление борьбы с «черным рынком» воды, общественный контроль в управлении водными ресурсами: главные нововведения нового Водного кодекса

Разработка нового Водного кодекса велась по пяти основным принципам. Это признание воды неотъемлемой частью окружающей среды, основой жизнедеятельности граждан и ...