Ордабасыда жылына 30 мың тонна алюминий өнімдерін өндіретін зауыт салынуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасыда жылына 30 мың тонна алюминий өнімдерін өндіретін зауыт салынуда

Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистер қауымы бірінші кезекте «Бадам» индустриалды аймағында орналасқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM COMPANY» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорында алюминий профильдері өндірілмек. Қазір таңда құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі жүруде. Жобаның жалпы құны — 4,4 млрд теңге. Онда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жылдық қуаттылығы — 30 мың тонна.

Сондай-ақ, сапар аясында БАҚ өкілдері Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне барды. Қазақтың үш биіне арналған ескерткішті көріп, оның аумағында атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда монумент туристер үшін танымал орынға айналып келеді. Айта кететін жайт, бұл тарихи кешен демеушілер есебінен салынған.

Журналистер баспасөз туры барысында аудан ортылығы Темірлан ауылындағы «Этно ауыл» кешенінде туризм саласындағы 2 ірі жобамен танысты. Олардың бірі — елімізде теңдесі жоқ «AIR CRAFT» жобасы. Бұл жоба аясында Шұбар ауылдық округіндегі 54 гектар аумақта ұшқыштар даярлау және ұшақтарды шығару бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Аталған жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, аудан орталығында бір мезетте 300 адамға дейін қызмет көрсететін «Темірші» демалыс аймағы таныстырылды. Аталған орын жеке кәсіпкердің өз қаражатына салынған. Қазіргі таңда 30 адам тұрақты жұмыс істеуде.

Түркістан облысының Өңірлік. коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...