Абай облысының намысын қорғап жүрген «Елімай» футбол клубы мен «Семей» футзал командасы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz.
Футболшылар экологиялық бағдарламасына үн қосып, Семей қаласындағы Жоламан кенті аумағындағы тазалық акциясына қатысты.
— Семей – қазақ футболының қарашаңырағы екені бүгінде баршаға мәлім. Қазақстан президенті бастаған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына облысымыздағы қос клубтың бірауыздан үн қосуы – елге, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі. Олар тек спорт ареналарында ғана емес, табиғатты қорғау ісінде де өздерінің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетіп келеді. Бұл — кейінгі жас буынға үлкен үлгі боларлық тағылымды іс, — дейді облыс әкімі Берік Уәли.