Патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық: қоғамдағы рөлі қандай?

Кез келген мемлекеттің қарқынды дамуы тікелей еңбек ресурсына, сондай-ақ елдің жастарының білімі мен еңбекқорлығына тікелей байланысты десек артық етпейді. Әрбір адамның еңбекқор болуы анығында мемлекетке пайда. Ал егер еңбекке жат, білім алуды жат санаса, ондай адамдар ешқандай пайда әкелмесі сөзсіз. Патернализм және әлеуметтік маскүнемдік — білім, экономикалық жағдайлар, мәдени дәстүрлер және т.б. сияқты әртүрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін әлеуметтік-мәдени құбылыс.

Оларды жою кешенді тәсілді және бүкіл қоғамның қатысуын талап етеді. Сондықтан барша қоғам болып білім алуға, білімнен хабардар болуға ұмтылуы қажет. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғауға және патерналистік құбылыстармен күресуге ықпал ететін үкіметтік емес ұйымдарды қолдап, дамыту үшін барлық ресурсты бөлген дұрыс. Әрі жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңдарды әзірлеп, басқару мәдениетін жетілдіру керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты жолдауында мемлекеттен тек алғысы келетін адамдар жөнінде, сондай-ақ патерналистік көңіл-күй мен масылдық жөнінде сөз қозғаған еді.

Ал қазақстандық экономист мамандар елдегі масылдық өзге дамыған елдермен салыстырғанда төмен деңгейді дейді. Оған себеп дамыған мемлекеттерде жұмыс істемейтін, табыс таппайтын адамның өзі бір айда жалпы сумманың төрттен бір бөлігіне дейін мемлекеттен қаржылық қолдау алады. Ал біздің елде адамдарға төленетін жәрдемақылардың көлемі едәуір аз.

Жалпы елдегі масылдықтың деңгейін тағы төмендетуге шектеу қойып жатқан қазіргі таңда жастардың қаржылық сауатсыздығының кесірінен түрлі пирамидаларға бәс тігіп, оңай олжа көздейтінін ескерсек болады. Олар жылдам байып кетудің көзін іздейді, білім алмайды, соның кесірінен несие алып қаржылық алаяқтардың арбауына түсіп қалады. Статистикалық мәліметтерге сеншек, елдегі қаржылық пирамидаларға кіретін адамдардың басым көпшілігі жастар. Сондықтан жастардың қаржылық сауатты болуы ел үшін өте маңызды.

– Біз өмір сүріп отырған дәуірдің табиғаты мың құбылмалы. Жаһандық бәсекелестік жағдайында өз мүддемізді қорғауға, өз мақсатымызға жетуге ұм­тыл­масақ, жедел алға баспасақ көп нәр­седен ұтыларымыз анық. Мына дә­уір еркелікті, жалқаулық пен ма­сыл­дықты, немқұрайлылықты көтер­мейді. Төртінші өнеркәсіптік револю­ция кезе­ңінде, жоғары технологиялық, цифрлы кеңістікте жаһандық дамудан 10 жыл артта қалсақ, 100 жыл оның орнын тол­тыра алмайтынымызды естен шығар­майық, – деп жастарға мемлекет басшысы сенім білдірді.

Ал сарапшылар болса масылдықпен күресу елдің экономикасына теріс әсер етеді дейді. Себебі экономикалық құлдырау, халықтың жаппай кедей болуына тікелей әсер етеді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев әрдайым халықты еңбекке жұмылдырып, мемлекеттің көмекті шынымен мұқтаж жандарға арнау керектігін тапсырды.

– Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Адам капиталына, білім саласына қо­йылатын талаптар мүлдем өзгеше. Са­палы білім қарқынды дамудың бас­ты шартына айналды. Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқа­шан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Осылайша, бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес өзге елдерде кеңінен етек жаюда. Масылдық расында – қоғам індеті. Тұтас ұлттық дегдарацияға ұшырауына бірден бір әсер етуші фактор болмақ.

Дереккөз: «Jas Alash» Республикалық қоғамдық-саяси газеті

x

Check Also

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса ...

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 9 айындағы нәтижесі

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы шамамен ...