Жүкембаев Альваресті 69 секундта нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті сенімді жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесу Монреальда өтті. Жекпе-жек алты раундқа есептелген, дегенмен Жүкембаевқа жеңіске жету үшін бір минуттан аса уақыт жеткілікті болды. 

Қазақстандық боксшы бірден қысым жасады. Батыр кездесу бастала сала қарсыласына ауыр соққыларын жұмсады. Оның бірі нокдаунмен аяқталды, бірақ қарсылас кездесуді жалғастыра алды. 

Жүкембаев шабуылдарын жалғастыра берді, сондықтан төреші жекпе-жекті тоқтатты. Қазақстандық боксшы, осылайша, 69 секундта техникалық нокаутпен жеңді.  

x

Check Also

Фуджейра төрінде көк ту көтерілді: Ромашкин Хамзаальпер – әлем чемпионы!

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таэквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. 80 елден келген 811 жас спортшы жүлде жолында ...

Сразу 8 медалей завоевали казахстанские школьники на Азиатской олимпиаде по физике

С 4 по 12 мая в городе Дахран в Саудовской Аравии прошла 25-я Азиатская олимпиада по физике (APhO2025). В престижном ...