Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді

Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді.

Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды.

Қойылымдардың күні мен уақыты: 26 қазан күні, сағат 15:00-де «Жаңаталап» мәдениет үйі 27 қазан күні, сағат 15:00-де «Шапырашты» мәдениет үйі 29 қазан күні, сағат 15:00-де «Сайрам мәдениет» үйі Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.

x

Check Also

Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

Шымкент қалалық балалар ауруханасында алғаш рет 2,5 айлық сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды. Дәрігерлер орталық жүйке жүйесінде ...

Шымкентте қала күніне орай республикалық ақындар айтысы өтеді

Бұрыннан белгілі болғандай ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне Орталық Азия және басқа да халықтарға ортақ мұраның элементтері енгізілген. ...