Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

Шымкент қалалық балалар ауруханасында алғаш рет 2,5 айлық сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды.

Дәрігерлер орталық жүйке жүйесінде ақауы бар, иық пен мойын тұсындағы нерв өрімдері үзілген сәбиге 5 сағатқа созылған ота жасап, сәтті аяқтады. Бұл – елімізде сирек жасалатын ота түрі. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылған.

— Тексеру қорытындылары бойынша күрделі нейрохирургиялы ота жасадық. Ота микрохирургиялық әдіс арқылы микроскоп құрылғысының көмегімен жасалды. Барлығы сәтті өтті. Нәрестеде ешқандай асқынулар жоқ,-дейді қалалық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері Таңсық Абдуллаев.

Шымкент қалалық балалар ауруханасы – еліміздегі ең ірі балаларға арналған емдеу орталықтарының бірі. Мұнда тәулігіне 500-ден астам бала жедел медициналық көмек алса, 450-ден аса бала стационарлық емдеуден өтеді. Барлық педиатриялық қызметтер бір жерге шоғырланған: амбулаторлық қабылдаудан бастап, консультациялық-диагностикалық және күрделі операцияларға дейін.

#әмсқшымкент #мәмсшымкент

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...