Шымкент: Момынов көшесіндегі теміржол өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында орналасқан теміржол өткелі маңында көлік кептелісі жиі туындап, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайсыздық тудырып келген. Аталған өзекті мәселені шешу және азаматтардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында теміржол өткелінің құрылысы қолға алынды.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қараша айында жасалған мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда:
• Инженерлік желілерді қайта орнату – 90% орындалды;
• Өткел құрылысы – 30% деңгейінде жүргізілді;
• Сонымен қатар, тірек қабырғаларын тұрғызу жұмыстары белсенді атқарылуда.

Жоспар бойынша, 2025 жылдың қараша айында өткел көлік қозғалысына ашылады.

Бұл инфрақұрылымдық жоба – қаланың жол қозғалысын реттеуге, көлік кептелістерін азайтуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Жасыл Шымкент: Экологияны жақсарту және жайлы ортаны кеңейту

Шымкент қаласы мегаполис ретінде қарқынды дамып, жасыл желек аумақтары жылдан жылға кеңейіп келеді. 2025 жылы 25 көшеде 500 мың м² ...

Шымкент: МӘМС жүйесінің қолжетімділігі және медициналық қызмет көрсету аясы кеңейуде

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін едәуір арттырды. МӘМС – әлеуметтік жоба, жинақтаушы ...