Тәулік бойы қызмет ететін стоматологиялық емхана

Шымкенттегі қалалық стоматологиялық емхана — тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге арналған арнайы стоматологиялық көмек көрсететін қаладағы жалғыз мемлекеттік мекеме.

Емханада балаларға арналған арнайы стоматологиялық көмектің барлық түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ: нанотехнологиялық әдістер, 4-6 буынның бітеме материалдары мен заманауи эндодонтиялық әдістер қолданылады. Сонымен қатар, тісті жұлу кезінде жаңа анестетиктерді пайдалану арқылы ауыртпай емдеуге мүмкіндік бар.

Бұдан бөлек, хирургиялық оталардың барлық түрлері жүргізіледі. Заманауи рентгендік зерттеу кезінде панорамалық рентгенография мен физиотерапевтік емдеу әдістері қолданылады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелеріне ортодонтентиялық пластика тегін жасалады.

Медициналық мекеме бір ауысымда 250 адамды қабылдай алады. Емхананың терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, алдын –алу, ақылы бөлімі бар. Сондай-ақ, туа біткен жақ-бет аймағы ауытқулары аурулары бойынша сауықтыру Орталығы жұмыс жасайды.

Электронды құжат айналымы толығымен цифрландырылған. Осы жылдың сегіз айында 40 мыңнан аса келушіге 84 мың стоматологиялық ауру бойынша көмек көрсетілген. Емхана азаматтарға тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Мекенжайы: Т.Айбергенов көшесі 5/13,
Байланыс нөмірі: +7 (7252) 56‒31‒60, +7 (7252) 50‒08‒96

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Жасыл Шымкент: Экологияны жақсарту және жайлы ортаны кеңейту

Шымкент қаласы мегаполис ретінде қарқынды дамып, жасыл желек аумақтары жылдан жылға кеңейіп келеді. 2025 жылы 25 көшеде 500 мың м² ...

Шымкент: МӘМС жүйесінің қолжетімділігі және медициналық қызмет көрсету аясы кеңейуде

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін едәуір арттырды. МӘМС – әлеуметтік жоба, жинақтаушы ...